Биыл еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылмайды. Бұл коронавирус инфекциясының таралуына жолбермеу үшін Білім министрлігінің қабылдаған шешімі. 9-11-ші сынып оқушылары қорытынды аттестация емтиханынан босатылды. Ал ҰБТ-леудің жайы не болмақ?
ҚР Ұлттық тестілеу орталығының соңғы мәліметінше тестілеу маусымның 22-сінен басталмақ. Егер пандемия салдарынан жағдай өзгерер болса, мерзімді тағы екі аптаға созуы мүмкін. Биылғы тестілеуде түлектердің дене қызуын өлшеу, аудиториядағы адам санын азайту сынды қауіпсіздік шаралары қарастырылмақ. Балқашта биыл 307 түлек алтын ұя мектебімен қоштасады. ҰБТ-леуге сынақ тапсырушылар 10 мамырға дейін онлайн тіркеуден өтуі тиіс. Елімізде тестілеуге қатысты барлық өңірден қоңырау қабылдайтын 1450 колл центр номері жұмыс істейді.
ҰБТ call-центр 1450
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login