Шаһарымызда енгізілген төтенше жағдай кезінде уақытша жұмысы тоқтатылған ұйымдардың қызметі расымен тоқтады ма? Оны бүгін санитарлық дәрігер тексеріп шықты. Естеріңізге сала кетейік 18 — сәуірден бастап 300-ден аса нысанның есігіне қара құлып салынған еді.
Қазір ломбард, сұлулық салондары, шаштараз, авто және фотосалондар, гүл павильондары, химиялық тазарту орындары жұмыс істемейді. Бұл тізімнің басы ғана. Ал, тамақтану орындары жеткізіп беру қызметіне ауысқан. Бірақ, әлеуметтік желілерде тұрғындар кейбір салондар мен ломбардтар жасырын жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Мамандар осы ақпараттың растығына көз жеткізу үшін рейдке күнде шығады.
Саян Ақшолақова – Балқаш қ. тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, басқарудың бас маманы
«Тұрғындардан әртүрлі ақпараттар келіп түседі. Біp әрқайсысын тексеріп көруге тырысамыз. Мұның барлығы уақытша шаралар, шыдамдылықпен, түсіністікпен қарасаңыздар деймін»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login