Қаламызда 1 мамырдан бастап жасыл-желектерге су беріле бастайды. «БалқашСу» мекемесі 15 сәуірден бастап суару жүйелерін жөндеуді бастаған болатын. Жөндеуге Сванқұлов орамы түгелдей дерлік іліккен. 20 сәуірден жасыл желектердің суару жүйесі сынала бастады. Бұл кезде 64-ші орамнан ақау шықты. Тексеру жұмыстары кезінде ірілі-ұсақты 15-ке жуық апат жойылған. Бүгін жұмысшы топ Уәлиханов пен Қараменде би көшелерінің қиылысында жұмыс жасауда. Жөндеуден соң 1 мамырдан бастап суару жүйесі іске қосылады. Суару кестесі сейсенбі мен жексенбі аралығында түскі 2-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіледі.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login