15 000 теңге коммуналдық төлем кімдерге тиесілі?

Карантин кезінде мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына екі ай аралығында 15 мың теңге мөлшерінде коммуналдық қызметтерін өтейтін болды. 4-ші мамырдан бастап өтініштер қабылда бастайды. Ал бұл төлемдер кімдерге тиесілі және қалай берілетініне тоқталсақ.

Төтенше жағдай кезінде берілетін коммуналдық төлемді алатын тұлғаларға тоқталсақ. Олар: I, II және III топтағы мүгедектер; ҰОС мүгедектері мен қатысушылары; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көп балалы отбасылар; ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер және АӘК алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер де бар.
 I, II және III топтағы мүгедектерге;
 ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына;
 ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
 мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
 көп балалы отбасыларға;
 ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
 мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарышқа ұшуларды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;
 АӘК алатын азаматтарға, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлерге.
Стэндап
15 мың коммуналдық төлемге өтініш беру үшін, тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы мамандары ұсынып отырған 4-63-52 жұмыс телефонына немесе экранда көрсетілген ұялы телефон нөміріне хабарласыңыз. Мамандар сізге онлайн түрде мынадай өтініш үлгісін жібереді. Электронды өтініштің осындай үлгісін шығарып алып, жеке мәліметтеріңізді және коммуналдық қызметтердегі жеке шотыңызды көрсетесіз. Дайын болған өтінішті фотоға түсіріп, уатсап және телеграм желілері арқылы мамандарға кері жібересіз. Мамандар сізге міндетті түрде жауап беретін болады.
8(71036) 4-63-52, 8-778-852-39-99, WhatsApp, Telegram — 8-778-852- 39-99, 8-705-108-48-46 jkx.balkhash@mail.ru

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login