Балқашқа кірер жолдарға 4 блок бекет қойылды

Балқашқа кірер жолдарға 4 блок бекет қойылды. Бұл жерлерде карантин режимі қатаң түрде қадағаланады. Қалаға өту үшін рұқсат құжат, маска мен қолғап болуы қажет.
Блок бекеттен өтушілерден рұқсатнама талап етіледі. Егер жолаушының көлікке және жүкке анықтамасы болмаса діттеген жеріне жете алмайды. Жүргізушіде маска мен қолғап, және дизенфекция құралы болуы шарт. Әзірге тәртіп бұзушылар тіркелмеген.
Қарағанды тас жолынан Алматы тас жолына дейін полиция бірге ілесіп жүреді. Қалаға тек әкімшілікте құрылған тізімге іліккендер кіре алады. Жолаушылардың дене қызуын тексеру, жеке мәліметтерін жазып алу ережелері сол қалпында қалған.
Төрт бекеттің алғашқы екеуі Қарағанды мен Алматы тас жолдарында. Біреуі Қоңырат мөлтек ауданы маңында. Соңғысы Саяқ кенті бағытында.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login