Балқашта қоғамдық демалыс орындарында серуендеуге тыйым салынды

Көл жағасы, аллея, Мәдениет сарайының артқы алаңы және балалар ойнайтын алаңдар карантинге жабылды. Демалыс орындарын лентамен қоршап қойған. Қаладағы барлық қоғамдық орындар да қоршауға алынған. Бөкейханов және Уәлиханов көшелеріндегі аллеялар, Мәдениет сарайының артқы аумағы, орталық саябаққа қызыл ленталар тартылған. Сондай-ақ, көл жағасында және балалар алаңында серуендеуге тыйым салыды. Қызыл ленталар карантин режимі күшейген күннен бастап қойылған. Қоршалған жерлерді жұлып өтпек болғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login