Балқаш қаласы әкімінің грантына қабылдау жүруде

Балқаш қаласы әкімінің грантына қабылдау жүруде. Оған 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өз кәсібін дөңгелетсем дегендерден өтініштер 1 мамырға дейін қабылданады. Былтырғы жылы грант сомасы 7 млн теңге болған. Биыл қаржы көлемі артқан, 10 млн теңге. Грант иегері болу үшін бизнес жоспарын құрып, оны комиссия мүшелеріне ұсыну қажет. Бизнес идеясы бар жастар конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды жинақтап, тапсыруы керек. Құжаттар тізімінде, бизнес жоспар, кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқудан өткені туралы Сертификат, берешек жоқтығы туралы анықтама және банк шотында сұратылған грант сомасының 10% мөлшері болуы қажет.
Балқаш қаласы әкімінің грантына қатысу үшін
қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Жеке куәлік (көшірмесі)
  2. ЖК немесе заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжат (көшірмесі)
  3. Бизнес жоспар
  4. Кәсіпкерлік қызмет негіздері оқудан өткені туралы Сертификат
  5. Кент әкімінің қолдаухаты (кенттерден қатысушылар үшін, түпнұсқа)
  6. Дербес кредиттік есептердің ПКБ анықтамасы (түпнұсқа)
  7. Берешектің жоқтығы туралы анықтама ( түпнұсқа)
  8. Жоба бойынша өндірістік бағдарламада пайдаланылатын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін жалдау келісімдері (көшірмесі).
  9. Банктік шоттағы сұратылған грант сомасының 10% мөлшеріндегі қаржы қаражатын растайтын анықтама
  10. Скорошиватель

    Қосымша ақпаратты @balqash_jastary инстаграм парақшасында және 4-47-11 телефоны арқылы біле аласыздар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login