Биылғы жылы Балқаш Су мекемесі бюджет есебінен қаланың сол жақ суару жүйесін ішінара қалпына келтіреді. Олар 12 мектеп пен балабақша, 8 әлеуметтік нысан, 5 саябақ пен қаланың 20 басты көшесінің аумағы. 15 сәуірден бастап суаруға арналған құбырлар тексерістен өтуде. Мамандар желілерді сынақтан өткізіп, ақау шыққан жерлерді жөндемек. 1 мамырдан бастап белгіленген кестеге сәйкес жасыл желектерге су беріле бастайды. Қаламыздың оң жақ бөлігіндегі суару жүйесін қалпына келтіру үшін ағымдағы жылы жобалық сметалық құжат әзірленіп, сараптамадан өтпек. Жоба 2021 жылдан бастап жүзеге аспақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login