Бүгін қаламызда 20 аз қамтылған отбасыға азық-түлік жиынтығы табысталды

«Амал» жобасының аясында 20 аз қамтылған отбасыға азық-түлік қоржыны табысталды. Игі бастамаға демеушілік жасап отырған қаламыздағы «Медина» дүкенінің ұжымы. Жомарт жандар қиын кезеңде жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын беруде. Азық-түлік қоржынында ең қажетті деген өнімдер мен көкөністер бар. 20 мекенжай бойынша азық түлік таратуға жастар орталығының еріктілері көмек қолын созуда. Алғашқы мекенжай жұмысшылар кентіндегі тұрғынның үйі болды. Көмек қолын созғандарға балқаштық тұрғын алғысын білдірді

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login