Ертеңнен бастап шаһарымызда жылу маусымы аяқталады

Ертеңнен бастап шаһарымызда жылу маусымы аяқталады. Артынша мамандар бірден келесі маусымға дайындала бастайды. Бірінші кезекте құбыр желілерін тексерістен өткізеді. Соған байланысты қалада 5 күн, сәуірдің 20-сынан 24-іне дейін ыстық су болмайды. Еске сала кетейік, жылу беру маусымы өткен жылдың 12 қазанында басталған болатын. 6 айдың ішінде 300-ге жуық апаттық жағдай тіркелген.
Сондай-ақ, осы жылдан бастап Балқаш жылу электр орталығынан Қоңырат мөлтек ауданына дейін ұзындығы 16 шақырымнан аса жаңа магистрал торабын тарту жұмыстары басталмақ. Оған Республикалық бюджеттен 1 млрд қаржы бөлінген. Осылайша Қоңырат мөлтек ауданындағы 3 жарым мың тұрғын жылумен қамтамасыз етілмек. Бұл жұмыстар 2 жылдың көлемінде жүзеге асады дейді жауапты мамандар

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login