Балқашта ТЖ байланысты 5 мыңнан аса адам әлеуметтік төлемақы алды

Елімізде енгізілген ТЖ байланысты кірісінен айырылған 5 мыңнан астам балқаштыққа 42 500 тг көлеміндегі әлеуметтік төлем төленді. Ал төлем алу үшін тіркелген өтініштер саны 7300-ді құрайды. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік көмекті ТЖ байланысты табысынан айырылған азаматтар алады. Олар, шағын орта бизнес субъектілерінде жалдамалы жұмысшы болып істегендер, өз-өзін жұмыспен қамтыған жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдар.
ТЖ мерзімі ұзаратын болса, сәйкесінше әлеуметтік төлем төлеу мерзімі де ұзартылатын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login