«Еңбек жолы» республикалық конкурсына өтінім беру басталады

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап «Еңбек жолы» республикалық конкурсына өтінім қабылдау басталады. Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:
1. «Үздік еңбек әулеті»;
2. «Өндірістің үздік жас қызметкері»;
3. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».

Конкурс 2 кезеңде өтеді: облыстық және республикалық. Республикалық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің әр номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қатысушылардың өз жұмысына деген адалдығы, жұмыс орнындағы жеке жетістіктері, өз кәсіби дағдыларының дамуына қосқан үлесі бағаланады. Әр номинация бойынша ақшалай сертификаттар беріледі:

1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
2 орын – 500 000 (бесжүз мың) теңге;
3 орын – 200 000 (екіжүз мың) теңге.

Барлық сұрақтар бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»-не 4-60-68 телефондары арқылы хабарласып, білуге болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login