Балқаштық екі азамат балық аулаймын деп суға кетті

Көлде балық аулаймын деп екі балқаштық қаза болды. Қайғылы оқиға Ақтоғай ауданының Ақөлең ауылында болған. 12 сәуір күні таңғы 7-лер шамасында екі ер адам «Прогресс» моторлы қайығымен Ақөлеңнен 4 шақырымда салынған торды тексеруге барады. Көп ұзамай сағат 11-дің кезінде жергілікті тұрғындар судан бірінің мәйітін көреді. Ол жағадан, Ақөлеңге 1 шақырым жерде су бетінде қалқып жүрген жерінен табылады. Екінші балықшының денесін сол күні кешке құтқарушылар тапқан. Іздестіру жұмыстарына «Орион» катерімен 4 адам шығады. Кешкі сағат 7-нің кезінде жағалаудан 4 шақырым жерден екінші жігіттің денесі анықталады. Балық аулаймын деп, бақилық болғандар, 25 және 26 жастағы азаматтар. Олар балыққа жеке құтқару құралдарынсыз шыққан.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login