Балқаштық дәрігерлер онлайн кеңес береді

📢 Құрметті, Балқаш қаласының тұрғындары! Өзге мемлекеттермен қатар, біздің елде де коронавирус індетінің таралуына байланысты республика көлемінде жарияланған төтенше жағдай уақытында қала емханалары тұрғындардың мүмкіндігінше үйде болып, емханаларға келмеулеріне кеңес береді. Қаламыздың 70 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін қос емхананың мамандары сіздерге онлайн режимде кеңес беруге дайын. Атап айтар болсақ, ⠀

№1 емхананың мамандары : жалпы практика дәрігері Нематуллаев Шохрух Омонұлы, дәрігер-педиатр Сағындыгова Гүлназ Өмірзаққызы, офтальмолог дәрігер Тлеубекова Сәуле Хайратқызы, дәрігер-невропатолог Жолнерова Ольга Анатольевна, дәрігер кардиолог Медианова Гүлназ Болатқызы , дәрігер хирург проктолог- гастроэнтеролог Бекмұханбетова Әйгерім Мәлікқызы; сондай-ақ,

№2 емхана мамандары: онколог дәрігері Ахтанова Ләззат Бекболатқызы, балалар кардиологы Мамедов Мавлюд Илгаревич, эндокринолог дәрігер Касатова Кулара Жакаевна, кардиолог дәрігер Ережепов Ермахан Абибуллаұлы, гастроэнтеролог дәрігер Сержанов Рысбек Камбарханұлы, невропатолог дәрігер Илаева Ғалия Түзелханқызы.

🛑 Қашықтан кеңес алу үшін сіздер енді емханалардың инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына төмендегі сілтемелер арқылы өтіп, хабардар бола аласыздар.

⤵️⤵️⤵️

https://www.instagram.com/balhash_emhanasy/
https://www.instagram.com/2poliklinika_balkhash/

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login