Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде облысымыздың барлық аумағында карантин енгізілген болатын. Соған орай, төтенше жағдай талаптары күшейтілді. Бүгін қалалық төтенше жағдай бөлімінің мамандары қызметтік көліктерімен тұрғындарға дыбыстық хабарлама таратты. Олар Балқаш станциясы мен Қоңырат мөлтек ауданына барды. Жергілікті халықтың бүгінгі тіршілігіндегі шектеулерін ескертті.
Амангелді Джомабаев – Балқаш қ. ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері
Қарағанды облысы аумағында карантин енгізілгеніне байланысты, бүгінгі шараны Төтенше жағдай Басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып жасаудамыз. Балқаш қаласының аумағындағы кенттерге карантин режимінің талаптарын сақтау бойынша халықты құлақтандырдық
7 сәуірден енгізілген карантин режимінің тәртібі жергілікті қала тұрғындарына да хабарланды. Алғашқы дыбыстық құлақтандыру Қараменде би көшесіндегі Тәуелсіздік алаңынан басталды. Дыбыстық хабарландыру арқылы тұрғындарға қай жерлерге баруға шектеу салынғаны, қандай объектілердің жұмысына тоқтау салынғаны хабардар етілді. Ал, сыртқа азық-түлік және дәрі-дәрмек сатып алуға және банк операцияларын жасауға ғана шығуға болатыны айтылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login