2020 жылдың бірінші тоқсанында Балқаш қаласында 16 өрт оқиғасы болған. Оның 14-і тұрғын үй секторында тіркелген. Биылғы жыл басындағы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 30 пайызға өскен. Өрттің негізгі себептері адам факторы болып табылады дейді төтенше жағдай қызметкерлері. Қазіргі таңда балалардың үйде отырғанын ескере отырып, оларды назардан тыс қалдырмау аса маңызды. Балалардың отпен ойнауынан пайда болған өрт жағдайларының орын алуына жол бермеу қажет дейді мамандар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login