Қалалық төтенше жағдай басқармасының мамандары балық аулауға байланысты, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Балық аулауға шығарда ауа-райына мән беріп, өзімен бірге қорғаныш жабдықтарын ала барған жөн дейді мамандар.
Амангелді Джомабаев – Балқаш қ. ТЖБ лейтенант, офицер
Көлге шығарда өзімен бірге құтқару кеудешесін алып шығу. Ауа райын бағамдап, желдің күші мен бағытына қарау қажет. Желді күні мен тәуліктің қараңғы уақытында шықпаған жөн. Көл жағалауынан алысқа ұзамаған жөн. Өзімен бірге мүмкіндігінше су өткізбейтін ыдыста байланыс құралдары болуы тиіс. Балыққа шығарда жақындарына қай бағытқа барып және қашан оралатынын ескерткен жөн. Бұл төтенше жағдай туындап қалған кезде іздеу шараларына қажет болады
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login