Балқашта аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары басталды

Балқашта 2020 жылы 24 аула абаттандырылады. Бүгінгі күні бірнеше аумақта жөндеу жұмыстары басталды.
Калмыков тұйығы мен Бөкейханов көшесі 7, 7а үйлерінің ауласында демонтаж жұмыстары жасалып бітті. Алдағы уақытта жолға асфальт төселіп, жарық бағаналары жаңасына ауыстырылады. Тротуар салынады. Балалар алаңы мен тренажер жабдықтары пайда болады. Үйлердегі әр подъездің алдына қоқыс жәшігі мен орындықтар қойылмақ. Бас мердігер бұл аумақты бір жарым айдың көлемінде аяқтаймыз деп отыр.
2020 жылы абаттандырылатын аулаларға бюджет есебінен 670 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарымен айналысатын 3 мердігер компания бар. 24 ауланың ішінде Ленин, Әлімжанов, Ағыбай батыр, Амангелді көшелері мен Сәбитова және Сәтбаев ықшам аудандары бар.
2020 жылы абаттандырылатын аулалар тізімі:
Әлімжанов к. №16,
Ленин к. №3,7,9,
Ленин к. №19,21, 23,25,27,
Бөкейханов к. №15
Әлімжанов к. №3, 4, 5
Әлімжанов к. №6, 7, 8
Бөкейханов к. № 2,4,6,
Ағыбай батыр к. № 1
Калмыков тұйығы № 1/1, 1/2, 1/3
Калмыков тұйығы № 4, 4а, 4б
Калмыков тұйығы №3, 5,
Бөкейханов к. № 7,7а
Қараменде би № 72, Ағайынды Мусиндер к. № 28
Ленин к. № 20,22а, 22,24
Ағыбай батыр к. № 8,10,14
Сәбитова м.а. №25, 27, 29
Сәбитова м.а. №31, 33, 34
Сәбитова м.а. № 20, 22, 24
Сәбитова м.а. №26, 28, 30
Сәтбаев м.а. № 3,4,5,6
Сәтбаев м.а. № 7,8, 15
Амангелді к. № 1, 3, 4
Сәтбаев м.а. №5, 6
Ленин №37, 41
Ленин к. №43
Мир к. № 17
Шашубай ы.а. 18,20, Қараменде би №19
Жидебай батыр ы.а. № 20, 22, 24

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login