2020 жыл 29 наурыздағы мониторинг бойынша Балқашқа Алматыдан кірер жолдағы санитарлық посттан 792 автокөлік құралы тексерілді. Оның 10-ы шетел көлігі. 977 адам тексерілді. Дене қызуы бар адамдар анықталмады.
28 наурыз күні мобильдік төтенше жағдай режимінің сақталуын тексеру үшін, 1 қонақ үйге, 2 азық-түлік дүкеніне, 1 қоғамдық тамақтану орнына рейдке шықты. Рейд барысында келесі жұмыстар жүргізілді: «Миллениум» қонақүйіне 3 адам іссапармен тоқтаған. Оның екеуі Ресей азаматтары. «Арғымақ» автобөлшек сауда базары мен киім базарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Екі азық-түлік дүкеніне жұмыс кестесі түсіндірілді. Тұрғындар шағымы бойынша қала бойынша бағаны негізсіз өсірді деген Сванкулов орамындағы «Ибрагим»дүкеніне тексеріс жүргізілді. Алайда, баға өсімі тіркелген жоқ.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша 27 наурыз күні қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар орындарда дезинфекциялық жұмыстар басталған болатын. Бұл шараға «Ұлттық сараптама орталығының» мамандары тартылды. Наурыздың 27-сі мен 30-ы аралығында кестеге сәйкес 20 нысан зарарсыздандырғыш заттармен өңделді. Жүргізілген дезинфекциялық өңдеу қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login