Төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылған азаматтардың назарына

Аса маңызды!!!
Төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылған азаматтардың назарына!

Жалақы сақталмайтын демалысқа шыққан шағын және орта бизнес қызметкерлеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленеді.

Егер жұмыс беруші төтенше жағдай жарияланғанға дейін 12 ай ішінде қорға аударым жүргізсе төлем төленетін болады.

42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемді алу үшін Сіздерге құжат жинаудың және аталған төлем үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.

ЕГЕР ЖҰМЫС БЕРУШІ (ЖШС, ЖК) ӨТІНІШ БЕРГЕН ЖАҒДАЙДА:
Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кіріснен айырылған жұмыскерлердің тізімін қалыптастырады
Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кіріснен айырылған жұмыскерлердің тізімін ұсына отырып, «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға өтініш береді.

ЕГЕР ЖҰМЫСКЕР ӨТІНІШ БЕРГЕН ЖАҒДАЙДА:
жеке кәсіпкер (жұмыскерлері жоқ ЖК);
жеке практикамен айналысатын адам (нотариус, жеке сот орындаушылары, адвокат, кәсіби медиаторлар);
біріңғай жиынтық төлем төлеушілер;

АҚС шартар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар:
Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кіріснен айырылған жұмыскерлердің тізімін ұсына отырып, «Электрондық үкімет» веб-порталындағы (e-gov) «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға өтініш беріледі (тізімде өтініш берушінің деректері ғана көрсетіледі).

Бекітілген өтініштің үлгісі ОСЫНДА («осында»жазуына басыңыз )
Жұмыскерлердің тізімінің үлгісі — ОСЫНДА («осында»жазуына басыңыз )

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login