Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында COVID-19 вирусы бойынша назарға ілігіп, жіті бақылауды қажет ететіндердің онлайн-картасын әзірледі. Карта Қазақстанның барлық аймағын қамтиды және онда коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандардың тіркелген тұрғылықты мекен-жайы көрсетіледі. Ол азамат сол сәтте стационарлық карантинде немесе үй карантинінде болуы мүмкін.
Сервис халықтың сақтық шараларын, гигиена шарттарын және карантин режимін сақтауын күшейтуге бағытталған.
Картада көбінесе елорда мен елдің оңтүстік өңірлерінде коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар көрсетілген. Картада Балқаш қаласы бойынша бір адам белгіленген. Қазір ол астаналық клиникалардың бірінде стационарлық карантинде.
Онлайн-картаны egov.kz электрондық үкіметінің сайтынан көруге болады.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы халыққа қала-аудандар арасындағы жүрісті шектеуге және үйде болуға кеңес береді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login