Балқашта халықтың әлеуметтік-осал топтарына медициналық маскалар тегін таратылды. Білім беру саласының қызметкерлері 30 мың дана стерильді маскаларын дайындауда.
Қазіргі таңда 17 мың қорғаныш құралын зейнеткерлер, 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі адамдар алған. Маскаларды олардың үйлеріне емхана қызметкерлері көлікпен жеткізеді. Естеріңізге сала кетейік, маска тігу үшін 16 қала мектептері мен 13 мектепке дейінгі мекемелерге 12 мың метр дәке және қажетті материалдар берілген болатын. Медициналық бетперделерді 250-денаса мұғалімдер мен еріктілер тігуде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login