Балқаштағы спорттық мектептерде дайындық онлайн түрде жүргізілуде

Бұл шаралар коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шаһарымыздағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары енді әлеуметтік желілер арқылы дайындалатын болады.

«ВКонтакте» желісіндегі спорт бөлімінің ресми парақшасында жаттықтырушылар балалар үшін түсірілген жаттығулардың бейнероликтерін жариялап, тапсырмалар береді. Ал спортшылар болса, олардың барлығын үйден шықпай-ақ орындамақ.

Айта кету керек, қазіргі таңда коронавирустың таралуына байланысты қаламыздағы барлық спорт нысандары уақытша жұмыстарын тоқтатты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login