Мектеп оқушылары 6 сәуірден қашықтықтан оқытуға ауысады

Қаламызда балаларды 1 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін оқытатын 17 білім беру мемекемесі бар. Қазіргі таңда мектептердің әкімшілігі 4 тоқсанға арналған сабақ кестесін дайындауда, кейін оны сынып жетекшілер оқушыларға хабарлайтын болады. Барлық сабақтар бейне-конференция арқылы түрлі білім беру сайттарын пайдаланумен жүргізіледі. Бүгінде әр мектепте онлайн режимге қосылуға арналған алгоритм әзірленді. Енді 26 наурыздан бастап алдын ала әр оқушымен онлайн байланыс орнатылып, тексерілетін болады. Балқаш қаласының білім беру бөлімі барлық ата-аналардан оқудағы жаңа енгізілімге түсіністікпен қарап, мектеппен бірге туындаған мәселелерді шешуге шақырады. Айта кету керек, 26 наурыздан бастап барлық балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Онда бүлдіршіндер ата-аналарының немесе заңды өкілдердің қалауы бойынша еркін бара алады. Сондай-ақ, карантин кезінде балабақшаға бармаған жағдайда да, орыны сақталып қалады және бармаған күндері қайта есептелетін болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login