Іс-шаралар мекемеде жатқан науқастарды қорғауға бағытталған.16 наурыздан бастап санитарлық-дезинфекциялық режим күшіне енді. Ауруханалар мен емханаларға тек сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі, ал бөтен адамдар мүлдем кіре алмайды. Айта кету керек, аталмыш шара емдеу мекемесінде жатқан науқастарды қорғауға бағытталған.
Сонымен қатар, аталған медициналық ұйым ішінде фото және видео түсіруге тыйым салынды. Қазіргі таңда Қарағанды облысында тәулік бойы бақылаумен 113 адам карантинде. Олар 1А санатындағы елдерден оралған тұлғалармен байланыста болған азаматтар. Ал үй карантинінде 39 адам, өзін-өзі оқшауланбаған медициналық бақылауда 284 адам. Бұдан бөлек, қашықтықтан мониторингте 273 азамат бар. Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ. Айта кету керек, бұл шаралар бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігі үшін бағытталған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login