Сақтық шаралары

Балқаштық оқушылар демалысқа ерте шықты, ал колледж студенттері қашықтықтан оқуға көшті. Бұл шаралар коронавирустың алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда.

Қаламызда 11 мыңнан астам оқушы демалысқа шықты. Енді олар 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулда болады. Ал балабақшаға бүлдіршіндер ата-аналарының немесе заңды өкілдердің қалауы бойынша еркін бара алады. Айта кету керек, карантин кезінде балабақшаға бармаған жағдайда да, орыны сақталып қалады.

Колледж студенттері болса, қашықтықтан оқуға көшті. 7 мыңнан астам студент Bilimal, Platonus, Google Classroom платформаларында қашықтықтан білім алуда.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login