16 наурыз күні Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы пәтуа шығарды. Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты жұма намазы уақытша тоқтатылды. Алайда мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, бірақ бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды.
Айта кету керек, Қазақстанда қонақ асқа, 40 күндік, 1 жылдық және еске алу астарына да тыйым салынды. Оған себеп, жиналатын халықтың санының көптігі. Алайда, марқұм адамға шариғат бойынша жаназа намазы оқылып, жерленетін болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login