Қала әкімінің төрағалығымен коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Соңғы мәліметтерге сәйкес әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны – 150 мыңнан асады, коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың жалпы саны – 5 мыңнан асып жығылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған COVID-19-ды пандемия деп жариялады. Өкінішке орай, 9 қазақстандықта вирус расталып отыр.
Балқаш қаласының аумағында қажетті санитарлық-карантиндік бақылау шаралары қабылданды. Қаланың медициналық ұйымдары күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Адамдар көп жиналатын жерлерде, соның ішінде сауда орталықтары, базарлар, тамақтану орындары, вокзал, әуежай және т.б. басқа жерлерде санитарлық тәртіп күшейеді.
Балқаш қаласының аумағында бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекция оқиғасы тіркелген жоқ. Қала әкімінің айтуынша, барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті. Бағаның негізсіз өсуін бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login