Балқашта үздік әншілер мен жүргізушілер анықталды. Мәдениет сарайында «Жас қанат» дарындылар конкурсы өтті. Сахнаға 11 әртіс шығып, өзара бақ сынады. Олардың ішінде 10 әнші вокалдық шеберліктерін ортаға салды. Сайысқа қатысушылардың әрқайсысы екі әннен орындады. Олар алдымен Абай Құнанбаевтың, Шәмші Қалдаяқовтың немесе әскери әндер орындаса, екінші кезеңде шет тілінде шырқады.
Жарқын Құрманбеков – мәдени-сауықтыру орталығының жетекшісі: «Жалпы 11 қатысушы қатысты. Оның ішінде жүргізуші біреу, қалғаны орындаушылар. Енді басты критерийлар ол сахна мәдениеті. Репертуар таңдау, Жалпы осы жылғы «Жас қанат» байқауы ол Қазақстан халық Ассамблиясының 25 жылдығы, одан кейін Аай Құнанбаевтың 175 жылдығы бар, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы, сонымен қатар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткізіліп отыр»
Конкурс нәтижесі бойынша бас жүлдеге Диас Қыдыргелді ие болды. Ал 1 орынға Батима Сейлхан мен Арманай Болатхан лайық деп танылды. 2-ші орынға Диана Саменова ие болса, 3-ші орынды Айжан Срайлы жеңіп алды. Ендігі кезекте жеңімпаздар қала намысын облыстық кезеңде қорғамақ.
Диас Қыдыргелді – «Жас қанат» конкурсының жеңімпазы: «Байқаудың алдында қорқыныш болған жоқ. Мен өйткені мен өзімнің жақсы дайындалғанымды сездім, дайындалғаным білініп тұр деп ойлаймын. Менің бала кезімдегі арманым бірте бірте орындалып келе жатыр десем де болады. Осы байқауға дайындаған қазіргі ұстазым Асхат Игембекович, ол кісімен біз 1 айдай өте қызу дайындақта болдық»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login