Балқашта үй жануарымен бірге ең жақсы сурет салу байқауы өтті. Қала еріктілері жануарларға көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Сурет байқауына 15 балқаштық қатысты. Үздік туындыларды әділқазылар алқасы таңдады. Бүгін рухани жаңғыру орталығында жеңімпаздар анықталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Туындылары үздік деп танылған №16-шы, 9-шы және 4-ші мектеп оқушылары болды.
Маржан Темірғали — «One Power» еріктілер клубының жетекшісі: «Конкурс негізінен 14-29 жас аралығында өткен болатын. Бұл жерде жас буындармен де, мұғалімдер де әртүрлі аралықтағы кісілер қатысты. Жеңімпаздарды біздің «Адам және жануар» қоғамдық бірлестігінің еріктілері және қаламыздың суретшісі Тохметова Арайлым деген кісі суреттерді сол кісілер таңдаған болатын. Суреттің техникасына, композициялық орындалуына, түстердің үйлесімділігіне қараған болатын»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login