Қаламызда әскери ұшқыш, майор Еркін Үдербаевты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Еркін Үдербаев осыдан 3 жыл бұрын отбасымен бірге апаттық өрт жағдайында қаза болған еді. Марқұмның рухына тағзым етуші әріптестері жыл сайын дәстүрлі түрде аяқ доп жарысын өткізеді.
Турнирді ұйымдастырып отырған 53898 әскери бөлімінің қызметкерлері. Сап түзеген командаларға сәттілік тіледі. Еркін Үдербаев әскери бөлімнің әскери ұшқышы, майоры болған. Бірге еңбек еткен әріптестері биыл 3-ші жыл еске алу турнирін өткізіп отыр.
Ербол Нұрмолда – аға ұшқыш нұсқаушы, аға лейтенант: «Майор Сайланұлы Еркін Үдербаев 2017 жылы 11 ақпанда отбасымен бірге апаттық өрт жағдайында бұл дүниеден озды. 33 жасында. Әскери бөлімде алған лауазым қызметі идеологиялық жөніндегі орынбасары болып табылды. Біздің жүрегімізде өзінің қарапайымдылығымен, адамгершілігімен және бізге нұсқаушы болып табылатын»
Футболдан өткен шағын турнирге мемлекеттік қызметкерлер қатысуда. Барлығы 12 команда. Кубок ауыспалы болып табылады. Былтырғы жылы кубокты өрт сөндірушілер иеленген болатын.
Жандос Дайрабаев – жауынгерлік және дене дайындығы бөлімінің сержанты: «Өрт сөндірушілер, Балқаш гарнизонының әскери бөлімшілері, бұлар 3-еу, Арсенал, Орта дересін, өзіміздің авиациялық оқу орталығы. ГОВД, акиматтан 2 команда қосылады, барлығы 12 команда. Әрбір команда 4 группаға бөлінген, 4 группадан 2 жеңімпаз команда шығады»
12 команданың ойын қорытындысы мынадай болды. 1 орынды 5-ші өрт сөндіруші мекеме иеленді. 2 орын 53898 әскери бөлімінде. Ал Ұлттық қауіпсіздік мекемесі болса 3-ші орында. Жеңімпаз командалар кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login