Соттың шешімімен екі балқаштыққа 170 мың айыппұл салынды

Соттың шешімімен екі балқаштыққа 170 мың айыппұл салынды. Олар әлеуметтік желілерінде діни қызмет және діни бірлестіктер заңнамасына қайшы аудио және бейнежазба сақтаған. Бұл заң бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталған. Тексеріс кезінде 2 балқаштық тұрғынның әлеуметтік желі парақшасынан заңнамаға кереғар аудио және видео жазба табылған. Екі ер азамат та өз кінәларын толық мойындады. Айтуларынша бұл әрекеттері заңсыз екенін білмеген, әрі материалдарды өздерінің жеке қолданысына ғана пайдаланған. Нәтижесінде сот екі балқаштыққа өндіру сомасын 30 пайызға қысқартып, әрқайсысына 88 мыңнан аса айыппұл салды.

Ләззат Сағымбекова — мамандандырылған әкімшілік сотының төрайымы: «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің шешімімен жүргізілген дінтану экспертизасының нәтижесі мынадай болды. Дін тақырыбында материал дау тудыратын мазмұнда. Айыппұл тағайындарда отбасы мен жеке басының жағдайын ескердік»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login