Балқаштық кәсіпкерлер қайтарымсыз грант ұтып алды

Балқаштық кәсіпкерлер қайтарымсыз грант ұтып алды. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бойынша бірнеше адам қайтарымсыз қаржыға ие болды.

Грант иелерінің бірі Нұрғазы Метжанов. Оның жиһаз жасау цехы 1 жылдан бері жұмыс жасайды. Станоктың жоқтығынан ағаштарын басқа цехқа апарып кеседі. «Атамекен» палатасы арқылы БҰҰ-ның бағдарламасын естіп, 2 аптаның көлемінде бизнес жоспарын құрған. Қарағандыға барып, қорғап, 2 млн-нан аса грантқа ие болады. Даму бағдарламасының шарты бойынша енді 2 жұмыссызды жұмыспен қамтуы тиіс.

Нұрғазы Метжанов — БҰҰ Даму бағдарламасының грант иесі: «Осы жоба бойынша мен 2 жұмыскер аламын. Бірақ жылдың аяғына дейін 5 жұмыскер алсам ба деп отырмын. Көбінесе ас үй жиһазын жасаймыз. Спальный гарнитур жасаймыз. Төсек, орындықтар, кез келген корпусный мебель жасаймыз. Ұтқан суммам 2 млн 126 мың тг. Оған мен 2 станок аламын. Инструментер аламын»

Гранттың шарапаты тиіп, шаруасын дөңгелетушілердің бірі Жанна Сламкулова. Тігін ісіне 3 жыл бұрын бет бұрған. Ұлттық нақыштағы көйлектер мен кешкі көйлектерді тіге бастаған. Тігін шеберханасында кең көлемде жұмыс жасау үшін бос бөлмесі болғанымен, өндірістік тігін машинасы болмаған.

Жанна Сламкулова — БҰҰ Даму бағдарламасының грант иесі: «Ұтып алған сомам 2 млн 200 мың теңге. Грант иеленудегі шарт бойынша мен 4 адамды жұмысқа қабылдаймын. Алдағы уақытта  тапсырыс көлемін арттырып, медициналық халаттар және тағы басқа киімдерді тікпекпін»

Грантқа қазір жұмыс істеп жүрген 15 балқаштық кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынған. Оның 4-еуі өз қызметін кеңейтуге мүмкіндік алды. Балқаштықтар ұтып алған жалпы грант көлемі 7 жарым млн-нан асады.  2-еуі тігін шеберханасының иесі, 1-еуі жиһаз жасаушы. Тағы бір грант иегері брусчатка төсеуші. Қаржы қайтарымсыз. Жобаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алды

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login