Қазақ поэзиясының алатаудай алыбы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ақпан айында дүниеге келген. Осыған орай мәдениет сарайында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш ақын жайлы деректі фильмнен басталды. Одан соң мектеп оқушылары ақын шығармаларын тебірене орындады. Мұқағалидың махаббат тақырыбындағы жыр жауһарлары оқылды. Көрермендер қазақ радиосының алтын қорындағы ақынның дауысын тыңдады. Қатысушылар ақынның сөзіне жазылған «Құмған алған», «Жарығым-ай», «Есіңе мені алғайсың» әндерін шырқады.
Диас Балтабаев – БГТК 3 курс студенті: «Бүгінгі шара М.Мақатаевтың туған күніне арналған. Мәдени кеш. Осы кешке мен «Болады деп арманда» атты туындысын оқитын боламын. 0Өлең жалпы болашақ жастардың қолында екендігі сонымен қатар олардың армандауы туралы»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login