Рейдке жастар орталығының мамандары мен белсенді жастары қатысты. Олар 7 участок бойынша бөлінген. Үй-үйді аралап, сауалнама жүргізді. Ондағы мақсат 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды анықтау.
Тұрғындар мамандар мен еріктілерге бірден есік аша қоймады. Есік ашса да жауаптан жалтарғандар болды. Жолыға алмай кеткен тұрғындар үшін жастар ескертпе қағазын тастап кетті. Онда үйінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар тұрса 4 47 11 нөмеріне хабарласып, ақпараттандыру жазылған.
Жанғали Амантаев – жастар ресурстық орталығының директоры: «Қандай қиындықтар болып жатыр? Түсініспеушілікпен қарап мысалға, неге есіктерді қағып жүрсіздер? Және көбісі тұрғындар өздерінің үйінде тұрғындардың тұратынын жасырады. Сол жағынан бізге қиындықтар туып жатыр. Енді шамамыз келгенше барлық Қоңыратты қамтимыз деген ойдамыз»
Жоспарлағандай жастар 1400 пәтер мен жер үй секторын аралады. 138 жас анықталып, сауалнама толтырылды. Оның ішінде 27 оқушы мен 39 студент, 44 жұмыс істейтін жастар бар. 4-еуі бала күтімімен үйде отырса, 1-еуі өзін-өзі жұмыспен қамтушы. Рейд нәтижесінде 23 жұмыссыз жас тіркелді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login