Балқашта автокөлік көшедегі жарық бағанасын құлатты. Жол оқиғасы демалыс күндері Спицына көшесінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus көлігінің иесі айналма жолдан Желтоқсан көшесіне қарай келе жатқан. Тайғақ жолдан, жүргізуші рулге ие бола алмай, көше шамына барып соғылады. Көлік иесі зардап шеккен жоқ. Соқтығысу салдарынан жарық бағанасына келтірілген шығын көлемі есептелуде. Қызмет көрсетуші ұйым, қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады
Балқаш жастары Қоңырат мөлтек ауданына рейдке шықты. Ондағы мақсат 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды анықтау. Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту. Рейдке жастар орталығының мамандары мен белсенді жастар қатысты. Олар 7 участок бойынша бөлінген. Үй-үйді аралап, сауалнама жүргізді. Тұрғындар мамандар мен еріктілерге бірден есік аша қоймады. Есік ашса да жауаптан жалтарғандар болды. Жолыға алмай кеткен тұрғындар үшін жастар ескертпе қағазын тастап кетті. Онда үйінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар тұрса 4 47 11 нөмеріне хабарласып, ақпараттандыру жазылған. Жоспарлағандай жастар 1400 пәтер мен жер үй секторын аралады. 138 жас анықталып, сауалнама толтырылды. Оның ішінде 27 оқушы мен 39 студент, 44 жұмыс істейтін жастар бар. 4-еуі бала күтімімен үйде отырса, 1-еуі өзін-өзі жұмыспен қамтушы. Рейд нәтижесінде 23 жұмыссыз жас тіркелді
«Қазақмыс» корпорациясының гендиректоры ауруханадан шығарылды. Естеріңізге сала кетейік Амангелді Мініғұловқа Жезқазған қаласында қастандық жасалған болатын. Қазіргі таңда Мініғұлов қызметіне кіріскен жоқ, әзірге үйінде ем алуда. Айта кететіні, Мініғұлов «Кәсіпқорған» кәсіподағы төрағасы, марқұм Тоғызбай Тәжбенов жасаған шабуылдан кейін, екі қылмыстық іс бойынша тергеушілерге түсінік беруде. Кісі өлтіруге оқталу бабымен қозғалған іс бойынша Амангелді Мініғұлов жәбірленуші, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен ашылған іс бойынша ол — куәгер. Еске салсақ, 21 қаңтарда «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов қызметтік кеңседе өзара сөзге келген «Қазақмыс корпорациясының» бас директоры Амангелді Мініғұловты төбелес кезінде пышақпен жарақаттаған болатын. Одан бөлек, төбелескендерді ажыратпақшы болған корпорация қызметкері Сабыржан Тембаев та кеуде тұсынан пышақ жарақатын алды. Тоғызбай Тәженов болса өз-өзіне қол жұмсаған болатын
Балқаштықтар тегін түрде заңгерлгерлік кеңес алды. Халыққа қызмет көрсету орталығында адвокаттар, заңгерлер мен сот орындаушылары қабылдау жүргізді. Адвокаттар, заңгерлер, сот орындаушылары және әділет басқармасының мамандары балқаштықтарға тегін құқықтық көмек көрсетті. Мамандардың көмегіне 20-ға жуық адам жүгінген. Олар заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы сұрақтар қойған. Өтініш және наразылық жасаудың тәртібімен танысқан
Демалыс күндері халықаралық стоматологтар күні аталып өтілді. Осыған орай біздің түсірілім тобы қалалық тіс емханасына бас сұқты. Күніне 20-дан астам баланың тісін қарап жүрген ақ халатты абзал жандармен жүздесті. Бүгінде 18 жасқа дейінгі балалардың 80-90 пайызы тіс емдеу көмегін керек етеді. Себебі күнделікті 5-6 бала тіс емдетуге келсе, соншалықты бала тісін жұлғызады екен. Баланы тіс күтіміне жастайынан үйрету қажет дейді дәрігер. Тісті күнделікті таңертең және кешке тазалауды ұмытпау қажет. Одан өзге тамақ ішкен сайын сумен шайып отыру міндетті. Тістің негізгі гигиенасы осы болып саналады. Бір тіс щеткасын 3 айдан артық пайдалануға болмайды. Сонымен қатар, тіс щеткасын да жуып тазалап отырған жөн
Қазақ поэзиясының алатаудай алыбы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ақпан айында дүниеге келген. Осыған орай мәдениет сарайында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш ақын жайлы деректі фильмнен басталды. Одан соң мектеп оқушылары ақын шығармаларын тебірене орындады. Мұқағалидың махаббат тақырыбындағы жыр жауһарлары оқылды. Көрермендер қазақ радиосының алтын қорындағы ақынның дауысын тыңдады. Қатысушылар ақынның сөзіне жазылған «Құмған алған», «Жарығым-ай», «Есіңе мені алғайсың» әндерін шырқады
Мектеп оқушылары ескі ертегілерді жаңа көріністе сахналады. Оқушылар сарайында заманауи стильдегі ең жақсы пародияға байқау өтті.Сайыста 11 мен 14 жас аралығындағы оқушылар сынға түсті. Қатысушылар «Бауырсақ», «Шалқан», «Алдар көсе», «Мақта қыз», «Үйшік» және «Алтын балық» ертегілерінен қойылым қойды. Нәтижесінде №16 мектеп үздік деп танылып, Гран-при иегері атанды. Бірінші орынды №15 мектеп-лицейі алса, екінші орынды №2 мектеп-интернаты иеленді. №24 мектеп үшінші орында
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login