Иттің жақсысы – тазы

«Иттің жақсысы – тазы». Ата – бабамыз тазы тұқымды итті қалай бағалағанын осы сөзбен түсіндіріп кеткендей. Бір ауылды асыраған иттің сырттаны саналатын тазы итін баптау, оның тұқымын көбейту ісі бүгінде жоғалып бара жатқандай.

Бұл Балқаш тұрғыны Құрмаш Нұрпейісов. 4 жылдан бері асыл тұқымды иттерді асыраумен айналысады. Тазыларының әрқайсының құжаты да бар екен.

Тазы тұқымының артықшылығы із кезуі мен иісшілдігінде. Аңды қуып жүріп ұстайды. Олар сағатына 90 шақырым  шапшаңдықпен жүгіреді. Егесі тазыларын күнделікті далада жүгіртіп отырады. Бұлшық еттерін, сіңірін созып жаттықтырады.

Құрмаш Нұрпейісов – тазылардың егесі: «Бір тазы бір ауылды асыраған. Оны ата бабаларымыз біледі. Соны артымыздағы ұрпақтарға тастап қалдырып бекітіп кету. Құжатталмаған тазыларымыз көп біздің. Осы Балқаштың, Ақтоғайдың маңайында бәрін құжаттандырып, дамытуға атсалысып жүрген жігіттің біріміз»

Құрмаш Нұрпейісовтың 10 тазысы бар. Жақында оның 7-еуін облыстық  сайысқа апарып келген. Жүздеген тазының арасынан Сойқан аттысы жүйрік шығады.

Құрмаш Нұрпейісов – тазылардың егесі: «Осы Балқаш қаласында Алмас қылыш қор бар. Сол жігіттермен сөйлесіп, осы Балқаш қаласында Шашубай кентінде Ақтоғай ауданының орнында әрі қарай соны жалғастырып ата-бабамызға тастап кеткен мұраны ауылдағы балаларға көрестуге атсалысып жүрген жігіттің біріміз»

Тазыға қызығушылық танытып жүргендер қаншама. Бүгінде елімізге Таяу Шығыстан, Ресей, Швециядан және АҚШ-тан келіп сатып алушылар көп. Осы тұста жігіт ағасы тазыны сақтап қалу үшін заң қабылданса дейді. Төрт аяқтының тұқымын халықаралық деңгейде дамыту.

Құрмаш Нұрпейісов – тазылардың егесі: «Қазақтың атында асық қана бар. Асықтың жанына құмай тазыны бекітіп мынау жоғарыда отырған ағаларымыз көмек қылса, осыны бекітіп, тастап кету. Атына қазақта құмай тазы бар дегендей, немісте овчарка, бізде тазы дегенді тастап кету»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login