Балқашта ауа-райы күрт өзгеріп, бірнеше күннің ішінде қардың басым бөлігі еріп кетті. Алайда, қаланың кейбір жерлеріндегі тротуарлар әлі де тайғақ. Соның кесірінен қарт адамдар далаға шығуға қорқады. Ал олардың кейбіреуі соңғы 2 күннің ішінде травматологиялық пунктке жатқызылған. Соңғы екі күнде Балқаштың үш тұрғыны қалалық травматология бөліміне жеткізілді. Оған себеп – тротуарлардағы тазаланбаған қарлар. Зардап шеккендердің көбісі қарт адамдар. Дәрігерлердің айтуынша, көп жағдайда мұзға құлаудың салдары адамдардың буындарының үзілуіне және аяқ-қолдарының сынуына алып келеді. Ал коммуналшылардың айтуынша, қаладағы тротуарлардан қауіп жоқ. Себебі жұмысшылар таңертеңнен бастап қауіпті жерлердің барлығына құм мен тұз себетін көрінеді. Күн сайын 50 адам қала көшелерін тазалауға шығады. Балқашта ауа-райы -1 градус. Бірнеше тротуарларда қар мен мұз еріген. Алайда синоптиктер түңгі уақытта -7 градус болып, ертең көшелерде қатқақ орын алуы мүмкін деп болжап отыр. Сол себептен барлық тұрғындарға көшеде абай болыңыздар деп ескертеміз
Қала басшысы Ораз Тәуірбеков бүгін балқаштықтар алдында есеп беріп, 2019 жылға қорытынды жасады. Өнеркәсіптен бастап, барлық салаға жеке тоқталды. Балқашты туристік қалаға айналдыру жолындағы жоспарларын жеткізді. Есеп тыңдауға келген тұрғындар да шет қалмады. Көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Балқашты туристік қала етуге ниет еткелі қашан? Қаланың қазіргі туристік нысандары Бертіс шығанағы аймағында шоғырланған. Бұл аумақта орналасқан нысандарды дамытудың негізгі проблемалары электрмен және сумен жабдықтаудың нашар инфрақұрылымы, дренаж жүйесінің жоқтығы. Енді әлеуметтік салаға ойыссақ. 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 150 жеткен. Оларға 32 млн теңге көлеміндегі қаржылай көмек берілмек. Одан өзге, осы жанұялардағы 1 мен 6 жас аралығындағы 225 бала әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілмек. Бұл мақсатқа 14,3 млн тг қарастырылған. Әкім есеп береді дегенді естіп, 150 тұрғын әлеуметтік желі арқылы өз сауалын жолдаған. Арнайы орнатылған жәшіктер арқылы 8 сұрақ келіп түскен. Олардың басым бөлігі коммуналдық саланы қамтиды. Есеп беру жиынына келген тұрғындардың талап-тілегі мынадай болды. Шашубай кентінің тұрғындарын мазалайтыны, Ақтоғай ауданының қарамағында деп шеттемей, қаланың құрамына қосса дейді. Бұдан өзге балқаштықтар тарапынан көше мен мектеп атына биылғы жылы мерейтойлары өтетін ғұлама, ағартушылардың есімін беру ұсыныстары түсті. Тұрғындар тарапынан аулалар мен балалар алаңы, суару жүйесі туралы сауалдар болды. Әр айтылған талап-тілек жерде қалмайды дейді қала басшысы
Ішімдік ішіп, кешкі сағат 10-нан кейін серуендегені үшін үш күнге қамауға алынды. Мұндай шешім бүгін Балқаш тұрғынына қалалық сотта шығарылды. 2019 жылы күз мезгілінде оған әйелін ұрғаны үшін, үш жарым жылға емін-еркін жүріп тұруына шектеу қойылды. Алайда үкім шыққаннан кейін жарты жылдан өткен соң ер адам жазаны өтеу шарттарын бұзған. 2019 жылдың қыркүйек айында 55 жастағы Балқаш тұрғынына қатысты сот үкімі шығарылды. Ол кезде ер адам мас күйінде әйеліне ауыр соққы келтірген. Сот оған 3 жыл 6 айға емін-еркін жүріп тұруына шектеу қойды. Мұндай жаза ережелеріне сәйкес, балқаштыққа сағат түңгі 10-нан таңғы 6-ға дейін үйінен шығуға және алкоголь ішуге тыйым салынған. Алайда, алты айдан кейін пробация қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп заң бұзушылықтарды анықтаған. Сотталушы кінәсін толық мойындады. Енді алдағы 3 күн бойы ер адам уақытша ұстау изоляторында болады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін пробация қызметкерлері емін-еркін жүріп тұруына шектеу қойылған адамдардың үйлері мен жұмыстарын тексереді. Жыл басынан бері осындай заң бұзушылықтар үшін 15 іс сотқа жолданған
Қазақстанда лотерея операторынан басқаларға «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салынады. Бұл дегеніміз, әдетте Интернет пен Қазақстандағы шоу-бизнес жұлдыздары өткізетін кез-келген ұтыс ойынына тыйым салынуы мүмкін. Қарастырылып жатқан жаңа заң бойынша, «лотерея» сөзін ұлттық лотерея операторлары ғана қолдана алады. Ал қалғандарына ереже бұзғаны үшін ескерту беріледі, қайталанған жағдайды айыппұл салынбақ. Айта кету керек, заң әлі өз күшіне енген жоқ
«Иттің жақсысы – тазы». Ата – бабамыз тазы тұқымды итті қалай бағалағанын осы сөзбен түсіндіріп кеткендей. Бір ауылды асыраған иттің сырттаны саналатын тазы итін баптау, оның тұқымын көбейту ісі бүгінде жоғалып бара жатқандай. Бүгін арна тілшілері ит баптауды жанына серік еткен азаматпен жүздесіп қайтты. Бұл Балқаш тұрғыны Құрмаш Нұрпейісов. 4 жылдан бері асыл тұқымды иттерді асыраумен айналысады. Тазыларының әрқайсының құжаты да бар екен. Түсірілім тобын тосырқап қалса керек, тазылар бізге сақтықпен қарады. Тазы тұқымының артықшылығы із кезуі мен иісшілдігінде. Аңды қуып жүріп ұстайды. Олар сағатына 90 шақырым шапшаңдықпен жүгіреді. Егесі тазыларын күнделікті далада жүгіртіп отырады. Бұлшық еттерін, сіңірін созып жаттықтырады. Құрмаш Нұрпейісовтың 10 тазысы бар. Жақында оның 7-еуін облыстық сайысқа апарып келген. Жүздеген тазының арасынан Сойқан аттысы жүйрік шығады. Тазыға қызығушылық танытып жүргендер қаншама. Бүгінде елімізге Таяу Шығыстан, Ресей, Швециядан және АҚШ-тан келіп сатып алушылар көп. Осы тұста жігіт ағасы тазыны сақтап қалу үшін заң қабылданса дейді. Төрт аяқтының тұқымын халықаралық деңгейде дамыту.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login