Балқаштықтарды «Жас қанат» байқауына қатысуға шақырады

Балқаштық әншілер мен кеш жүргізушілерін қалалық «Жас қанат» конкурсына шақырады. Өтінімдер 10 ақпанға дейін мәдениет сарайында қабылданады. Конкурсқа 16 мен 30 жас аралығында қала тұрғындары қатыса алады. Жас орындаушылар 2 кезең бойынша сынға түседі. Қазақ композиторларының немесе ұлы отан соғысы жылдарына арналған әндерден шырқайды. 2-ші кезеңде шет тілінде бір шығарма орындаулары шарт. Әр кезеңде 5 минуттан аспау қажет. Әншілермен бірге жүргізушілер де өз бақтарын сынайды. «Жас қанат» байқауы 19 ақпан күні сағат 16-де Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтеді.

Асхат Игембеков – мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі: «2-ші кезең Қазақстан Халық Ассамблеясының 25 жылдығына арналады. Бұл жерде орыс тілінде, қазақ тілінде ән орындалмайды. Басқа тілде орындалады. «Жас қанат» жүргізушілердің сайысы болады. Баршаларыңызды осы сайысқа қатысуға шақырамын. Және де жеңімпазымыз облыстық байқауға жолдама алады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login