Балқаш жаңалықтары 04.02.2020

  1. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Балқаштықтар Қоңырат мөлтек ауданының тұрғынына көмектесті. Естеріңізге сала кетейік, Николай Потаповтың оқиғасы туралы кеше кешке хабарлаған болатынбыз. Редакциямызға оның көршілері хабарласып, көмек сұраған еді.5 жыл бұрын Николай бір көзінен айырылып, кейіннен жүруі де қиындай түскен. Мүгедектігі туралы құжатты рәсімдеймін деп жүріп, жеке куәлігін жоғалтып алған. Соңғы 2 жылда ер адамның үйінде ыстық су да, жылу да, тіпті жарық та болмаған. Ал коммуналдық қызметке болса белшесінен батқан. Ер адамның көршілері оған тамақ пен киім әкеліп көмектеседі. Николайдың оқиғасы балқаштықтарды бей-жай қалдырмады. 1 күннің ішінде біршама қаражат жиналып, коммуналдық қызметке қарыздары төленді. Қайырымды жандар Николай Потаповқа жеке куәлігін қалпына келтіру үшін көмектескен. Енді 1 аптадан кейін ол дайын құжатқа ие болады
  2. Былтырғы жылы 150 балқаштықтан қатерлі ісік ауруы анықталған. Олардың көбісі 60 жастан асқан адамдар. Ең кең таралғаны сүт безі қатерлі ісігі, оны 24 адамнан анықтаған. Сондай-ақ, науқастар көбінесе өкпе және тері обырына шалдыққан.Олардың көбісі диагнозы туралы текесеріс кезінде білген. Өткен жылдармен салыстырғанда, қатерлі ісік дертінен көз жұмғандар саны 7 пайызға кеміген
  3. Кеңес үкіметі кезінде сервант ішіндегі ыдыс-аяқтар отбасының ауқаттылығын білдірген.  Қазіргі адамдардың талғамы  басқа. Балқаш қаласының музейі көпшіліктің назарына өткенді еске түсіретін,  кеңес дәуірінің ыдыс аяқтарының қызықты жиынтықтарын ұсынуда. Қалалық музейде Кеңес заманындағы фарфор ыдыс-аяқтар көрмесі ашылды. Бұл жерден ыдыс-аяқтан бөлек, түрлі мүсіндер мен декоративтік әшекейлерді де көруге болады. Әр экспонат – өткен заманның айнасы тәріздес. Фарфор алғаш рет  Қытайда жасалған.  Ол жақта оны «ақ алтын» деп атаған және қымбат металдар сияқты бағаланды. Сонымен қатар,  Кеңес Одағы кезінде фарфор отбасының ауқаттылығын білдірген. Оны ең көрнекті жер деп саналатын серванттың ішінде сақтаған. Кеңестік фарфор-бұл тарих. Оны ұрпақтан ұрпаққа беріп, сыйға тартқан. Қазіргі күннің өзінде кейбір балқаштықтардың үйінде отбасы тарихын есте сақтайтын кеңестік фарфорлар болуы мүмкін
  4. Мұз үстіндегі сайыс. Балқаштық студенттер мен жастар конькимен жүгіруден жарысты.Мұз үстіндегі жарыс жыл сайын өткізіледі. Бұл жолы қала колледжлерінен 4 студенттен қатысуда. Ер балалар 3 айналым жасаса, ал қыздар 2 шеңбер жүгіреді. Шапшаң жүгіріп, мәнерлеп сырғанаған қатысушылар жеңімпаз атанбақ. Қыздар арасында үздік атанған медициналық колледж студенті Татьяна Васильева. Оның көрсеткіші 41 секунд. Ұлдардан жоғары нәтиже көрсеткен техникалық колледж студенті. Жалпыкомандалық есеп бойынша үздік атанған медициналық колледж студенттері болды
  5. Балқашта допты хоккейден оқушылар арасындағы  турнир басталды. Мектеп командалары 1 апта көлемінде мысшылар алаңында сынға түсетін болады. Жыл сайынғы хоккей турниріне 12 команда қатысуда. Олар өзара 2 топқа бөлінген. Үздік шыққандар финалдық бәсекеде бақ сынайды. Ал жеңімпаз атанғандар облыста қала намысын қорғайтын болады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login