Балқаш жаңалықтары 03.02.2020

  1. Бүгінгі жаназаның дастарханы көл-көсір, марқұмға тұрғызылған бейіттің күмбезі биік. Бұдан оның рухына түсер қандай пайда бар? Әлде осының бәрін тірлікте жасалған күнәлардан арылу жолы ма? Болмаса, қазаққа тән жәй ғана бәсеке ме? Бұл Қарағанды облысының Бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның балқаштықтармен өткен жиынында айтылды. Марқұмды жерлеудегі шариғат қағидаттарынан түсінік берді. Облыстың Бас имамы балқаштықтарды жинап жиын өткізді. Ондағы себеп жаназаның қазіргі жай  күйі мен кейінгі кезде әркім өз тұрғысынан оған жаңа салттарды қосақтауы. Бұл туралы 2019 жылдың қазанында Дін басқармасы өткізген республикалық форумда айтылған болатын. Онда жерлеу рәсімдерін бірізділікке салу жолдары айтылған. Қазіргі жаназада шариғатқа сай емес аста-төк ысырапшылдыққа жол беріледі екен.

Ендігіде шариғат заңына қайшы келмесе екен деген, жаназада тоқтау салынбақ мына дүниелер:

  • Жаназа дастарханында бауырсақ, шелпек, сары май мен печенье, құрт-ірімшік және салаттың бір-екі түрі ғана болуы шарт;
  • Марқұмға қойылар ескерткішке оның суретін салу қажет емес; мәйітті көтеріп апарарда суреті мен гүлдесте ілмеу.
  • Орамал, мата таратуды тоқтату;
  • Сәуірдің соңғы сенбісі бейіт басын тазалау;
  • Қабіршілерге шарап ұсынбау,
  • Мәйітті жерлер алдында көруге тиым салу;
  • Бейіт басына шүберек байламау;
  • Ерлер беліне ақ матадан белбеу байлау (көңіл айтушылар тану үшін);
  • Қонақасында 2-3 адамнан артық сөз сөйлемеу;
  • Үлкен мазар мен күмбез салуды шектеу.

2. Жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің тіркемесі соқтығысты. Жол көлік оқиғасы Балқаштан Алматы бағытына қарай 42 шақырым жерде орын алған. Жолаушылар автобусы оңтүстік астанаға жолға шыққан. Оның алды жағында келе жатқан жүк көлігініңтіркемесі шығып кетіп, автобусқа соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 24 жастағы жүргізіші, Өзбекстан азаматы зардап шекті. Ал автобус ішінде болған 15 жолаушы Алматыға бара жатқан көліктерге отырғызылды

3. Қоңырат мөлтек ауданының тұрғынына көмек қажет. Бұл туралы редакциямызға оның көршілері хабарлады. 49 жастағы Потапов Николай Александрович Қоңырат мөлтек ауданының тұрғыны. Осыдан 5 жыл бұрын 1 көзінен айырылған. 2016 жылы мүгедектігі туралы құжатты алу үшін құзырлы мекемелерге барды. Алайда, қажетті құжаттарын жинап болғанша, белгісіз бір себептермен денсаулығы нашарлап, өздігімен жүруі қиындап кеткен. Кейіннен жеке куәлігін жоғалтқан. Бүгінде жалғыз өзі тұратын мүмкіндігі шектеулі жанның басты арманы құжаттарын қалпына келтіру. Қазіргі таңда Николай Александровичқа Қоңырат мөлтек ауданының қайырылымдылық қоры мен оның көршілері көмек көрсетуде. Бірі түскі асын, енді бірі кешкі тамағын дайындап әкелетін көрінеді. Бұл Олжас Сарсекеев. Ол мүмкіндігі шектеулі жанның көршісі. Николай Алексадровичті 2 жылдан бері танимын дейді азамат. Бүгінде Николай Александровичтың үйінде ыстық су да, жылу да, тіпті жарық та жоқ. Қарызы болса шаш етектен. Мүмкіндігі шектеулі жанға қол ұшын созам деушілер экранда көрсетілген номерге хабарласа алады. 8(707) 312 58 22

4. Балқашта 2019 жылы 10 млн тг көлеміндегі атаулы әлеуметтік көмек тиісті емес отбасына берілген. Бүгінгі таңда оның 4 млн-ны бюджетке қайтарылды. Ал комиссия шешімімен 47 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тоқтатылды. Берілуге тиесілі деп танылған қаржының кері қайтарылуына не себеп? Әлеуметтік төлемдер және жәрдемақы тағайындау секторы мамандарының айтуынша тексеріс кезінде отбасылар өздерінің табыс көзін жасыруымен және де тұрақты жергілікті жерін дұрыс айтуымен байланысты болды

5. Мамандықты қалай таңдау қажет? Жетістікке жетудің жолдары қандай? Бұл туралы жастарға Расул Қасенхан айтып берді. Кездесуге оқушылар мен студенттер, қаланың белсенді жастары қатысты. Облыстағы жастар орталығы жетекшісінің сөзінше қазір белсенді оқушы,  студенттер өте көп. Оған дәлел облысымыздың түкпір-түкпіріндегі 18 жастар орталығы. Ол жерде өзіндік мақсат жоспары бар, кез келген жастың бастамашыл болуына бар мүмкіндіктер жасалған

6. Австрияда биіктігі 38 метрге жететін алып аққала жасалды. Оны Гиннесс Рекордтар кітабына енгізді. Қар мүсініне Ризи есімі қойылған, ол неміс тілінен ауарғанда «алып» деген мағынаны білдіреді.Аққаланың құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айында басталды. Оны жасау үшін 800 тонна қар мен 60 мың евро жұмсалған. Ал, бүгінге дейін 2008 жылы американың Мэн штатында қардан жасалған «ханым» аққала, мүсіндер арасында 1-ші орында тұрған еді. Оның ұзындығы 37,21 метр

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login