Балқаш жаңалықтары 30.01.2020

  1. Балқаштықтар балаларын балабақшаға кезекке қоюға және мектептің бірінші сыныбына қабылдауға өтінішті бірыңғай портал арқылы жібере алады. Қазақстанда білім беру саласы қызметінің шамамен 10 түрін алуға болатын Smartnation.kz интернет-порталы іске қосылды.Биыл балаларын 1-ші сыныпқа жібергісі келетін ата-аналар 1 маусымнан бастап mektep.snation.kz сайтына тіркеліп, өтініш берулері керек. Осы желі арқылы қолданушылар, мектеп оқушыларын сынып арасында ауыстыруға, лагерьге жолдама алуларына, қаладағы жұмыс жасап жатқан үйірмелер жайлы және т.б. ақпараттар алуларына болады. Ал бүлдіршіндерді балабақшаға balabaqsha.snation.kz сайыты арқылы орналастыруға болады. Кезекке тұруға немесе балабақшаға орналастыру үшін өтініш беруші жүйеге өзінің телефон нөмірі арқылы жеке кабинетіне кіру арқылы жүзеге асыра алады.  Бұрын тіркелген тұрғындардың кезек нөмірі сақталады, бірақ balabaqsha.snation.kz сайтына кіру үшін жеке телефон нөміріңіздің  көмегімен жеке кабинетіңізге кіріп тіркелуіңіз қажет. Ата-аналар жолдама алудың егжей-тегжейлі қадамдарын 8 747 339 72 22 нөміріне хабарласу арқылы білулеріне болады
  2. Балқаштық белсенділер еріктілер жылының құрметіне орай қайырымдылық акциялары мен марафондар өткізіп жатыр. Қала жастары қарттар мен көмекке зәру жандарға қол ұштарын созуда.Қайырымдылық марафонын алғашқылардың бірі болып Оқушылар сарайының «Onepower» еріктілер клубы бастады. Қаланың қамқор тұрғындарының арқасында жастар бірнеше мұқтаж отбасыларды киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етті. Олар «Мейірімділік керуені» эстафетасын «Жас Орда» еріктілер орталығына табыстады. Апта сайын №2 лицейдің «Мейірім» клубының мүшелері соғыс ардагерлерінің ауласын қардан тазартып, отын жағып, үй жұмыстарына көмектеседі
  3. Осы аптада зергерлер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл күн табиғат дарытқан ерекше талантымен,  сұлулықты сүйер қауымды тәнті етіп жүрген адамдарға арналады. Балқаштықтар әшекейлерін қалпына келтіру үшін зергер Николай Заряновтың көмегіне жиі жүгінетін көрінеді. Тіпті, кейбіреуі жаңа бұйымға тапсырыс береді. Алтын алқаны қалпына келтіру үшін зергер бұйымды алдымен өңдеп, дәнекерледі. Одан кейін қажетті диаметрдегі сымдарды дайындап алуда. Алқаның екі жақ шетін жабыстырып болғаннан кейін, оны жалтыратып тазалап қойды. 43 жастағы Николай Зарянов 2000 жылдан бастап зергерлік жұмыспен айналысуда. Студент кезінде туысқаны өзінің жанына жұмысқа алып, осы іспен айналысуды үйреткен. Қазіргі таңда шаһарымыздың қақ ортасында Сергейдің өзінің жеке шеберханасы жұмыс жасайды. Әрбір жасалған бұйымның артында үлкен еңбек тұр. Николай Заряновтың 20 жыл ішінде жасаған сақиналарын, алқаларын, білезіктерін санау мүмкін емес. Оның айтуынша, ол үшін ең бастысы — қанағаттанған тұтынушылардың баға жетпес эмоциялары
  4. Қазақстандық студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы көбейді. Үкімет қаулысымен мемлекет грантын тағайындау, төлеу және мөлшері ережелері өзгертілді.Мемлекеттік стипендия, білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің, кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын, орта білімнен кейін, жоғары білім беру бағдарламасының ай сайынғы мемлекеттік студенттер степендиясының  80 пайыз деңгейінде  белгіленеді.
  5. Ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері:

— жоғары білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге -26 186 теңге;

— интерндерге– 47 431 теңге;

— магистранттарға– 66 913 теңге;

— докторанттарға – 102 498 теңге;

— резидентура тыңдаушылары және денсаулық сақтау магистранттарына– 76 951 теңге

— білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге — 21 787 теңге.

5. Балқаштық «Бертіс» командасы  «түнгі әуесқой хоккей лигасы» жарысында үшінші орынға көтерілді. Соңғы үш матч спортшыларға 9 ұпай әкелді. Ойын Қарағандыда өтті. Қарағандылық «Барс» командасымен кездесу 5:0 есебімен Балқаш командасының пайдасына аяқталды. Бірінші таймда «Бертіс» қарсыластар қақпасына екі гол соқты. Балқаштық хоккейшілер ойын соңына дейін тағы үш гол соқты. «Майқұдық-Старт» және теміртаулық «Акуламен» өткен матчтар да жеңіспен аяқталды. Үш жеңіс Балқаш хоккейшілеріне 9 ұпай әкелді. Осылайша, «Бертіс» есеп бойынша турнирлік кестеде үшінші сатыға көтерілді. Оларда 32 ұпай бар, спортшылар 14 ойын өткізіп, оның 10 кездесуінде жеңіске жеткен

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login