Ақтоғай ауданының үш тұрғыны иіс газына тұншығып қалды. Олар естерін жимастан тіл тартпай кетті.Кеше Ақтоғай ауданының кезекші бөліміне ғимараттардың бірінде адамдардың иіс газына тұншыққандары туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша, 22-23 жастағы үш жасөспірім газға уланып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алайда, олардың бәрі естерін жимастан қайтыс болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Жүкті әйел жолда босанды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ақ халаттылардың біліктілігін арқасында нәресте дүниеге аман-есен келді.28 қаңтар күні таңертеңгісін Ақтоғай ауданының жедел жәрдем пунктіне қыстақ тұрғынының толғағы басталды деген ақпарат келіп түскен. Ақ халаттылар дереу жолға шығып, әйелді жедел жәрдем көлігімен Балқашқа ала жөнелген. Алайда, орта жолда оның артериялық қан қысымы көтеріліп, толғағы жиілей түскен. Маманның біліктілігінің арқасында, көлік ішінде сағат 8:25-те аман-есен салмағы 2 кг 370 г, ал бойы 47 см болып ұл бала дүниеге келді. Ана сәбиімен бірге Балқаш қаласының перзетханасына сағат 11-де жатқызылған. Мамандардың айтуынша қазіргі уақытта олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ
Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Қала басшысы 2019 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы айтып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Жиын барысында алдағы жоспарлармен де бөлісті. 2019 жылы ұзақтығы 3,5 шақырымнан асатын 6 автожол жөнделді, оның ішінде Қоңырат ықшам ауданы да бар. Және Техснабқа қарай 15 шаршы метр грейдер жолы тегістелді. Бұдан бөлек, қалада 11 аула аумағы абаттандырылды.2019 жылы ұзындығы 4 шақырымға жуық суару жүйесінің сол жақ тармағы ішінара қалпына келтірілді. 14 апаттық учаскелерде жұмыстар жүргізілді. Бұл қысымның жоғарылауына және 64 орамға дейін судың жеткізілуіне мүмкіндік берді.Қала басшысы жұмыспен қамту саласында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз санаттары қандай қолдау алатындығын және білім саласындағы көрсеткіштер туралы да айтты. Кездесуден кейін жиынға қатысушылар әкімге өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Қазақстандықтар шетелден туыстарының келгені туралы хабарлауға міндетті. Осы жылдан бастап елде шетелдіктерді уақытша тіркеу жойылды. Алайда, тәртіп сақшылары оларды бақылауды тоқтатпайды. Қабылдаушы тараптар үш жұмыс күн ішінде шетелдік қонақтардың келуі туралы хабардар етуге міндетті.Жаңа заң11 қаңтар күні өз күшіне енді.Осы күннен бастап Қазақстанға визасыз келген шетелдіктерге тіркеуге тұру үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Жақындарының келгені туралы қабылдаушы тарап хабарлауы тиіс. Ол үшін 3 күннің ішінде тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне өтініш жазу керек немесе визалық көші-қон орталығы мен электронды үкімет порталын қолдануға болады. Жеке тұлғалар ескертумен құтылса, заңды тұлғаларға айыппұл салынады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл шара заңсыз еңбек мигранттарының санын азайтады
Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы минус 35 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, елімізде қар мен желдің орнына енді қатты аяз басталмақ. Бұл Оралдан келетін суық антициклонмен байланысты дейді мамандар. Аязды күні тоңбаудың амал-тәсілі қандай? Оны балқаштықтардан сұрап көрген болатынмыз. Сауалнама айдары
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login