Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Қала басшысы 2019 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы айтып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Жиын барысында алдағы жоспарлармен де бөлісті.
2019 жылы ұзақтығы 3,5 шақырымнан асатын 6 автожол жөнделді, оның ішінде Қоңырат ықшам ауданы да бар. Және Техснабқа қарай 15 шаршы метр грейдер жолы тегістелді. Бұдан бөлек, қалада 11 аула аумағы абаттандырылды.
2019 жылы ұзындығы 4 шақырымға жуық суару жүйесінің сол жақ тармағы ішінара қалпына келтірілді. 14 апаттық учаскелерде жұмыстар жүргізілді. Бұл қысымның жоғарылауына және 64 орамға дейін судың жеткізілуіне мүмкіндік берді.
Қала басшысы жұмыспен қамту саласында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз санаттары қандай қолдау алатындығын және білім саласындағы көрсеткіштер туралы да айтты. Кездесуден кейін жиынға қатысушылар әкімге өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login