Балқаштық балғын Республикалық байқауда бас жүлдеге ие болды

Балқаштық 5 жасар балғын Республикалық күзгі Алаш  өнерлі жастар байқауында бас жүлдеге ие болды. Гүлім Мереке эстрадалық вокал номинациясы бойынша өнер көрсеткен. Гүлім Азаматқызы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің даярлық сынып оқушысы. Музыка пәні мұғалімімен бірге ән айтып дауысын жаттықтыруда. Жас балғын 3 жасынан әнге жақын болған. Елордадағы Қарақат мектебінен жылға жуық тәлім алған. Жақында ғана Нұр-Сұлтанда өткен республикалық күзгі Алаш  өнерлі жастар байқауында жеңіс тұғырынан көрініп отыр.

Әділет Өмірхан — Абай атындағы №2 мектеп-лицейі музыка пәнінің мұғалімі: «Бүгінгі таңда әр түрлі сайыстардан республикалық бас жүлделер алып келіп жатыр. Оның өзі бізге жеңіс. Даярлық тобының оқушысына. Абай мектебінің атын әрі қарай шығара берсін деп қалаға, республикаға және де әлемге таныла берсе бұл біздің жетістігіміз деп білеміз. Ата-анасына үлкен рахметімді айтқым келеді»

 «Алаш» өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен болған байқау Экспо кешенінде өткен. Осыған дейін бұл жарыстың 1-ші кезеңінен сүрінбей өткен, әнші қыз бұл жолы да үздік атанды. Сайысқа Атырау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Алматы қалаларынан өнерпаздар қатысқан. 7-ге жуық қарсыласын шаң қаптырған Гүлім бас жүлдеге ие болады.

Гүлім Мереке — Республикалық күзгі Алаш  өнерлі жастар байқауының жеңімпазы: «Үлкен сахнада өлең айттым. Адамдар көп болды. Бірақ мен қорыққан жоқпын.  Тағы да мен қатысамын. Мен байқауда «Анашым — анажаным» айттым. Әлі де бағымды сынаймын»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login