«Қазақмыс» корпорациясының бас директорына шабуыл жасалды. Оқыс оқиға кеше кешкі уақытта басшылар арасындағы жанжал кезінде болған.21 қаңтар күні сағат 18:20-да Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің директоры Минигулов пен «Кәсіпқорған» кәсіподақ төрағасы Тажбенов арасында текетірес орын алған. Ұрыс-жанжал барысында Тажбенов Минигуловтың арқасына пышақ салып, арашаламақ болған маман Тембаевтың сол жақ кеуде тұсын жарақаттады. Куәгерлердің айтуынша, содан кейін кәсіподақ төрағасы өзінің сол жақ кеуде қуысына пышақ тығып, оқиға орнында көз жұмған. Минигулов пен Тембаев ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде
Коммуналшылар халық алдында есеп беруді бастады. Қоңырат ықшам ауданының тұрғындары кәсіпорын басшыларының алғашқы жылдық есебін тыңдады. «Балқаш Энергия» кәсіпорнының директоры тұрғындарға Қоңыраттың электр желілерінде атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Басшының айтуынша, 2019 жылы мұнда шам бағаналары жөнделіп, Новорудная, Русаков, Балқаш және Горняцкая көшелеріне 4,5 шақырымнан астам сымдар тартылған. Октябрьская көшесінде жарықтандыру қалпына келтірілді. Кездесу «Балқаш Су» мекемесінің есебімен жалғасты. 2019 жылы Садовая көшесі мен сорғы станциясынан Горняцкаяға дейінгі көшедегі ұзындығы 1,5 шақырымнан асатын апаттық сужеткізу желілерін ауыстырды. Демеушілік қаражат есебінен Новорудная көшесіндегі 500 метрге жуық құбыр ауыстырылды. 2019 жылы жылу беру маусымына дайындық кезінде «Су Жылу Транс» мекемесі 1 шақырымнан астам магистральдық және тоқсандық желілерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. 2 мың шаршы метрден астам желілерді оқшаулады. 70-ке жуық ілмекті арматура ауыстырылды. Суық мезгілге 8 мың тонна көмір сатып алынды. Қоңырат тұрғындарынан кейін коммуналшылар Балқаш станциясының халқына есеп берді. Есеп беруге арналған кездесулер 24 қаңтар күні сағат 11:00-де Мәдениет сарайында, сағат 15:00-де №7 гимназияда өтпек. Ал 27 қаңтар күні балқаштықтарды таңертеңгі 11 мен күндізгі сағат 3-ке №1 және 8-ші мектепке шақырады
Балқашта БҰҰ-ның бағдарламасы арқылы жұмыспен қамту жүргізілуде. Қаңтардың 20-сында басталған тәжірибе жұмысының 2-ші кезеңіне 40-тан аса адам іліккен. Мұндай мүмкіндікті 18 бен 29 жасқа дейінгі жастар пайдаланып отыр. Ең басты талап ресми түрде жұмыссыз деген статусы болуы қажет. Сынақмерзімі үш ай. Осы уақыт аралығында БҰҰ жалақы есебінде 60 мың тг шәкіртақы төлейді. Бұл жұмыс берушілер үшін де жақсы мүмкіндік. Тәжірибеден өтушілердің бірі 22 жастағы Айжан Махат. 2018 жылы медициналық коледжді тәмамдаған. Алайда бірден жұмысқа тұруына мүмкіндігі болмайды. Ультрадыбыстық зерттеу орталығында бүгін оның 3-ші тәжірибе күні. Ал Қуат Сейфуллин былтырғы жылғы 1 кезеңнің түлегі. Қыркүйек пен желтоқсан айында ерлерге арналған шаштараз мамандығын меңгерген. Жұмысқа деген икемі мен ынтасының арқасында қаңтардан бастап тұрақты жұмысқа қабылданған. Бүгінде өзінің келушілерін жинап үлгеріпті. БҰҰ-ның жұмыссыз жастарды қолдауға арналған жобасы қаламызда былтырдан бері жұмыс жасауда. Өткен жылы 20 мекемеден 30-дан аса адам тәжірибеден өтіп, оның 20-сы тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал осы айда басталған кезеңге 40 адам іліккен. Қазіргі уақытта олар 22 мекемеде біліктіліктерін танытуда
Денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдарыңыз бар ма? Ертең қаламыздағы медицина ұйымдарының басшылары халықпен қоғамдық қабылдау өткізеді.Медицина қызметкерлері балқаштықтарды 23 қаңтар күні М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының кіші залында күтеді. Қоғамдық қабылдау сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Жиында қаламыздағы емханалардың, орталық аурухана мен психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансердің басшылары болады
Балқаштық боксшы Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды. Спортшыны денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ұжымы мен тәрбиеленушілері гүл шоқтарымен қарсы алды. Республикалық біріншілік Талдықорған қаласында өтті. Оған еліміздің 17 аймағынан 244 спортшы қатысты. Спорттық додаға Қарағанды облысының құрамасынан 22 боксшы барды. Оның ішінде 3 спортшы жерлесіміз. Жартылай финалда 14 команда бақ сынасты. Финалдық кезеңде тарихи сәт орын алып, екі балқаштық кездесті. Ақтық сынның нәтижесі бойынша бірінші орынға Ерасыл Ермек, ал екінші орынға Ануар Абитаев ие болды. 60 кг салмақ дәрежесінде 16 бала болған. Ерасыл 4 қарсыласымен жекпе-жекке шығып, барлығын да жеңген. Ерасыл Ермек Талдықорған қаласында өткен Республикалық біріншілікте 1-ші орынға ие болып, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды. Облыс құрамасы спорттық дода 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медалді жеңіп алып, 3 орынға ие болды. Айта кету керек, Ерасыл Ермек ағымдағы жылдың жаз айларында Оман мемлекетінде өтетін «Азия балалары» және Қытайда болатын «әлемдік жасөспірімдер» чемпионаттарына қатыспақ
Бүгінгі заманды қалтадағы ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Оның ішіндегі интернет деген әлем мүлдем бөлек дүние. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін кіретін ғаламтордың құдіреті шексіз. Ішіне кірсең барлығын табасың. Ал, осы аптада әлем бойынша интернетсіз бір күн аталып өтіледі. Бұл атаулы дата 2000 жылдың басынан бастау алып келеді. Ал балқаштықтар бұл күнді қалай өткізіп, немен айналысар еді? Сауалнама айдары
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login