Шаһарымызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласынан келген тарихшы, әрі Абайтанушымен кездесу өтті. Шара педагог қызметкерлердің қалалық ғылыми-практикалық конференциясымен жалғасын тапты. Оған ардагер ұстаздар, қалалық білім бөлімінің, тілдер орталығының, ішкі саясат бөлімі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және жас Абайтанушы оқушылар қатысты. Абай тағылымын жас ұрпаққа насихаттап жүрген Абайтанушы, тарихшы Мемлекет тарихы институтының ғалымы Жабай Қалиев конференцияның алғы сөзін бастады.
Жабай Қалиев Абайтанушы: «Ғалым ретінде айтар едім бұл Абайды оқытуды балабақшадан бастау керек. Мектеп оқушылары, жоғарғы оқушылар бұл үлкен бір бағдарлама болу керек. Сонда ғана бала туылғаннан бері Абайдың тәлім-тәрбиесі, бұны мысалы қараңыздаршы енді пайда ойлама, ар ойла дейді, яғни арын ойлаған бала күнінен өскен азамат жанағы өз елінде тәуелсіздік елінде мықты азамат болып өседі деп ойлаймын»
Конференцияны Абай тағылымын жас ұрпақтың бойына дарытуда өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаздар жалғастырды. Шара барысында Ұлы ақынның композиторлық шеберлігі туралы ой қозғалып, Абай атамыздың бала тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары мен ағартушылық танымына баса назар аударылды
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login