Мас күйінде көлік жүргізген балқаштық 15 күнге қамауға алынды. Сондай-ақ, оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.Құқық бұзушылық осы жылы қаңтардың басында тіркелген. 28-дегі Балқаш тұрғыны түнгі сағат 1-лердің кезінде Ленин көшесімен келе жатады. Оның масаң күйде екендігі тәртіп сақшылары тоқтатқанда белгілі болған. Медициналық зерттеуден, оның орташа деңгейде мас екендігі анықталады. Тәртіп бұзушы өз кінәсін толығымен мойындайды. Іс материалдарын қараған сот, балқаштықты қамауға алып, көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды
Демалыс күндері проваславтық христиандар Крещение мерекесін тойлады. Таңертең қалалық шіркеуде мерекелік қызмет басталды. Одан кейін дін қызметкері көлдегі арнайы әзірленген ойыққа крестті матырып, суды тазалады. Крещение мерекесі суды аластаудан басталды. Діни сенім бойынша тек осы жоралғыдан кейін суға түсуге рұқсат және оның емдік қасиеті болады. Сол себептен бұл күні суға шомылуға және бөтелкеге су толтырып алуға келгендердің қарасы қалың болды. Қасиетті суға ең бірінші болып 39 жастағы Вадим Пятков түсті. Крещение мерекесінде 10-нан астам жыл бойы шомылып жүрген көрінеді. Купельде кезекте тұрғандардың көбісінің ойы шомылу. Кейбіреуі мереке жақындағанда үстеріне суық су құйып, дайындықпен келеді екен. Шомылам дегендердің қатары түңгі уақытқа дейін азайған жоқ. Полиция қызметкерлері, дәрігерлер және құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік шаралары мен қоғамдық тәртіп сақтауды қадағалады
«Үздік оқырмандар шоқжұлдызы». Осындай атаумен қаламыздағы №1 кітапхана филиалында оқырмандар бенефисі өтті. Өткен жылға қорытынды жасалып, нәтижелері бойынша үздік оқырмандар номинациялармен марапатталды. 2019 жылдың есебі бойынша оқырмандар саны 2000-нан асып жығылады. 15 жасқа дейінгі оқырмандар қатары — 932, ал 316-сы 21- жасқа дейінгі жастар. Сондай-ақ, бір отбасынан келетін бірнеше жан үшін «Отбасы формуляры» жұмыс істейді. 400-ден астам жанұя №1 кітапхана филиалына тіркелген. «Үздік оқырмандар шоқжұлдызының» номинанттарына тоқталсақ. 2019 жылдың «Кітап оқу лидері» Олжас Павлик, «Талғампаз оқырман» Мария Султанова, «Ең үздік пікір иесі» Назира Сәрсенбай және «Өлең сөздің білгірі» Динара Аронова. Биылғы жылғы республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы бойынша кітапханада жыл бойы тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Тұрғындарға оқуға ұсынылатын әдебиеттер Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» мен Әл-Фараби туралы жазылған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» туындысы
Үздіктер қатары артуда! Шаһарымызда жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шара Оқушылар сарайында өтті. Шаһарымызда пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі желтоқсан айында өткен болатын. Оған қала мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары қатысты. Пәндік олимпиаданың тапсырмаларын «Сарыарқа дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген. Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша үздіктер салтанатты түрде марапатталды. Салтанатты жиында облыстық кезеңнің жеңімпаздарына да құрмет көрсетілді. Пәндік олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен 17 балқаштық оқушы марапатталды. Медальдар «Зияткер» мамандандырылған мектебінің 12 оқушысына да табысталды. Бұдан бөлек, қаламыздың 5 мектебі рейтингі жоғары болғаны үшін ерекше атап өтіліп, марапатталды
Балқашта ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Игорь Белоконьді еске алуға арналған жарыс өтті. Жыл сайын спортшының құрметіне орай ұйымдастырылатын спорттық сайыс биыл 4-ші мәрте өткізіліп отыр.Политехникалық колледж мұғалімдері 3 командаға бөлініп, 6 ойын бойынша жарысты. Олар арқан тартысып, гір көтеріп, доппен түрлі тапсырмаларды орындады. Қатысушыларға «Нұр Отан» партиясының өкілі, ауған соғысының ардагері, Балқаш қаласының мыс балқыту зауытының төрағасы және ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әрі Игорь Белоконьнің бапкері Эрос Ким қазылық етті. Спорттық дода нәтижесі бойынша барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды
Демалыс күндері балқаштық «Бертіс» Қарағанды командасымен кездесті. «Металлург» стадионында кезекті әуесқойлар арасындағы түнгі хоккей ойыны өтті. Қарағандылық «Майқұдық» командасы ойынға дайындалуда. 10-нан аса хоккейші жолдан келгендеріне қарамастан, дайындыққа кіріскен. Спортшылар сауыттарын түгендеп, иықты, шынтақты қорғайтын қаптамаларын киюде. Матч басын «Бертіс» белсенді шабуылмен бастады. Есепті ойынның 6-шы минутында команда қорғаушысы Серік Утенов ашты. Көп күттірмей қонақтар қақпасына тағы да шайба салынды. Ойындар 20 минуттық 3 кезеңнен өтті. «Бертіс» командасы 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл нәтиже балқаштық спортшыларға түнгі хоккей лигасының 4 сатысына көтерілуге мүмкіндік берді. Әзірге бар ұпай — 23. Келесі ойын сырт алаңда алдағы демалыс күндері өтпек
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login