Балқашқа Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарымен келді. Әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Тәртіп сақшыларымен, мұғалімдермен, өндіріс жұмыскерлерімен кездесті. Сенатор тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Рысқали Қалиақбарұлы алдымен қалалық полиция бөліміне ат басын тіреді. Тәртіп сақшыларымен кездесу барысында, заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Одан соң сот ғимаратына барып, былтыр ашылған фронт кеңсенің жұмысымен танысты. Халық қалаулысы шаһарымыздағы балалар үйіне бас сұқты. Мұнда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 15 бала тәрбиеленуде. Депутат балалармен тілдесіп, жағдайларымен танысты. Сонымен қатар баспана мәселесін де тілге тиек етті. Келген қонаққа тәрбиеленушілер ән айтып берді. Одан соң Рысқали Әбдікеров «Сары қазына» ЖШС ұжымына ат басын бұрды. Бұл 2007 жылдан бері Қоңырат кен ошағындағы катодты мыс өндірумен айналысатын өндіріс ошағы. Мұнда 350 адам еңбекпен қамтылған. Кездесуде сенатор экологиялық заңнаманың, шарттағы міндеттердің сақталуына баса назар аударды. Халық қалаулысы Қоңырат мөлтек ауданындағы №25 орта мектепке барды. Мектеп мұражайымен, работотехника кабинеттерінің жұмысымен танысты. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына көңіл аударды. Артынан ұстаздармен жүздесіп, жаңа жылдан бастап күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» заңды түсіндірді. 2019 жылы желтоқсанда сатып алынған жаңа мобильді пунктпен танысқан Рысқали Қалиақпарұлы, қалалық жұмыспен қамту орталығына барды. Орталық мамандарына электронды биржа бойынша өз сауалдарын қойды. Жаңадан колледж бітірген түлектердің жұмыссыз қалмауын қадағалауды тапсырды. Жұмыс сапардың соңы тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдаумен аяқталды. Әр түрлі мәселемен 9 адам жүгінді. Балқаштықтар экология, электр энергиясының тарифі және азық-түлік бағасын тұрақтандыру секілді мәселелерді көтерді. Кейбір мәселелер бойынша өз атына жазбаша сауалхат жолдауға кеңес берді. Айтылған сын да жоқ емес. Балқашта тұрғын үй салудың кенжелеп қалғанын баса айтты. Қаланың ішкі көркін келтіріп, тазалық мәселесін қолға алуды тапсырды
Жұмыспен қамту орталығы 300-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Қазіргі таңда мектептерге, ауруханаларға, жеке және коммуналдық мекемелерге мамандар қажет. Мәдениет сарайы инженер-бағдарламашы мен дыбыс режиссерін жұмысқа қабылдайды. Ал орталық аурухана дәрігерлерді, медбикелерді, санитарларды және кадр бөлімінің инспекторларын жұмысқа шақырады. №3 мектепке бастауыш әскери даярлық пен информатика пәндерінің ұстаздары, дефектолог қажет. Ал №2 лицей тәрбиешілер мен кір жуатын адамдарды жұмысқа қабылдайды
Былтырғы жылы Балқашта 275 отбасы 115 млн 700 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмекке ие болған. Енді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың жаңа жобасы енгізілді. Көмек 4немесе одан да көп баласы бар отбасыларға және 23 жасқа дейінгі баласы күндізгі оқу бөлімінде студент болған жағдайда көрсетіледі. Айта кету керек бұл жерде отбасының табысы есептелмейді. Одан бөлек атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тәсілдері өзгереді. Оның мөлшері жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы арасындағы айырмасы төленеді. Отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса онда АӘК тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға тоқтатылады
Балқашта Рождество мерекесі кең ауқымда атап өтілді. Шіркеу ішіне жиналғандардың әрбірі құлшылық етіп, шырақ жағып, дұға қылды. Діни рәсім концерттік бағдарламамен жалғасты. Таңертеңгі сағат 8-ден әулие Николь шіркеуіне жиналғандардың қарасы қалың. Иусус христостың туған күніне орай тойланатын мейрам діни жоралғыдан басталды. Шіркеуге жиналған қауым шырақ жағып, дұға жасады. Шіркеуден діни ілім алып жүрген тәрбиеленушілер театрландырылған қойылым қойды. Олардың арасында София Тараненко да бар. Рождество мерекесінде өнер көрсеткеніне биыл 5 жыл болған. Ол көріністе құдайға сенбейтін әйел адамның рөлін сомдады. Ертегі соңында кейіпкер қателігін түсініп, көпшіліктен кешірім сұрады. Мерекелік бағдарламадан соң, шіркеу сыртында 40 күн бойы ораза ұстаған жұртшылыққа самаурыннан шай құйып, тәтті-дәмділер ұсынылды. Әрі қарай мейрам спорттық жарыстар мен түрлі ойындарға ұласты. Бұдан бөлек, кез келген адамның жанып жатқан қызу отқа құймақ пісіруге мүмкіндіктері болды
Дельфин, тасбақа, тышқан және сегізаяқ. Бүгін қысқы демалыстың соңғы күнінде оқушылар, қардан мүсін жасаудан сынға түсті. Былтырғы жылы барлық мектептен қатысушылар болса, биыл тек 4 білім ошағы белсенділік танытуда. Оған себеп ақ ұлпа қардың аздығы. Десе де балалардың сайысқа деген құлшынысы жақсы. Қардан мүсін жасау сайысында теңіз жануары дельфинді жасаған Қоңырат мөлтек ауданының оқушылары үздік атанды. Екінші сатыда Тасбақа мен тышқанның кейпін келтірген №15 мектеп-лицейі мен 9 орта мектептің қатысушылары. Ақ ұлпадан сегізаяқ сомдаған №10 мектеп үшінші орында
2020 жыл басы – бұл өмірдің жаңа парағын ашып, көптен бері армандап жүрген мақсаттарды іске асырудың мүмкіндігі. Бұл уақытта кейбір адамдар тілек картасын жасаса, енді бірі 12 айға жоспар құрады. Ал балқаштықтар 2020 жылдан не күтеді? Сауалнама айдары
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login