Балқаш жаңалықтары 26.12.2019

  1. Қаламыздың орталық аллеясында жанып тұрған 50 жаңбыр тәріздес ұзын сүңгілерді бұзақылар сындырып кеткен. Уалиханов көшесі жаңа жыл қарсаңында безендірілген болатын. Аллеядағы барлық орындықтар мен талдарға гирлянда ілінген. Деседе бірнеше күннен кейін оған бұзақылар шабуыл жасаған. ҚР Тәуелсіздік Күнінен кейін Балқашта жаңа жылға дайындық басталған. Орталық аллеядаға 4 орындық безендіріліп, 4 арка орнатылған. Ал жаңбыр тектес жанатын ұзын сүңгілердің саны 170-ке жуық. Аллеяны безендіру жұмыстарымен 2 мердігер компания айналысқан. «GreenWorldKZ» ЖШС  директоры орынбасарының айтуынша орнатылған 170-ке жуық ұзын сүңгілердің 30 пайызын қаланың бұзақылары сындырып кеткен. Алайда көп уақыт өтпей оның барлығы қалпына келтірілген. Бұл аллеядан күнде еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін көруге болады. Қала тұрғындарының айтуынша, серуен орталығы ертегі әлеміне айналғанай көрінеді. Әсіресе, кешқұрым көшедегі жарқыраған шамдар, аркалар, ерекше безендірілген орындықтар көздің жауын алады
  2. Шаһарымызда басты шыршаның шамдары жанды. Балалар мен ересектерге арналған мереке Мәдениет сарайының артқы алаңында өтті. Жаңа жылдық шырша шамдарын қала әкімімен бірге Аяз ата, Ақшақар және бірнеше ертегі кейіпкерлері жақты.Қаланың басты көшелерімен Аяз Аталар, Ақшақарлар  мен ертегі кейіпкерлері жүріп өтті. Жаңа жылдың басты оқиғасы- шырша шамдарының жануына жыл символдары мен мультфильм қаһармандары ат салысты. Олардың саны 200-ге жуық. 2019 жыл иесі доңыз тышқанға кілтті табыс етті. Қала әкімі Ораз Тәуірбеков тұрғындарды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады. Одан кейін таңғажайып жаңа жылдық сәт орын алды. Қала әкімі сиқырлы таяқшамен қаланың басты шыршасының шамын жақты. Кеш соңы мерекелік бағдарламамен жалғасты. Ауа-райына қарамастан, қала тұрғындары би билеп, әртістердің орындауындағы әсем әндерді тыңдады
  3. Балқашта 90-ға жуық жеңіл көлік шырша бейнесінде сап түзеді. Автокөліктер шеруі Желтоқсан көшесінде «Мен Балқашты сүйемін» композициясының қасында  өтті. Мерекелік акцияға ерікті көлік жүргізушілері атсалысты. 1 жарым сағат ішінде сап түзеген көліктер шыршаның бейнесін құрап шықты. Автокреатившілердің қимыл-қозғалысын  жол-патрулдік полиция қызметкерлері назардан тыс қалдырмады
  4. Елімізде соңғы 10 жылдан бері Айзере мен Әлихан есімдері ең танымал болып тұр. 80 мыңнан аса сәбиге осындай есімдер берілген. Тенгриньюс жаңалықтар порталы 2009 бен 2019 жылдар аралығындағы ең танымал адам аттарының тізімін жариялады. Қыз бала есімдерінің үздік үштігін Айзере, Айару, Кәусарлар бастап тұр. Ұл балаларға жиі қойылатын есімдер Әлихан, Ерасыл және Нұрислам. Перзентіне ерекше есім қойған ата-аналар да бар. Бүгінде елімізде Ромео, Царь, Эдельвейс, Теңіз, Саша Александр Людовик, Қошкелді және Кришна деген қазақстандықтар бар. 2009 жылы дүниеге келген сәбилердің көшін Аружан мен Ерасылдар бастап тұр. 2018 жылы Қазақстанда бір Дональд, екі Тереза, екі Барак және төрт кішкентай Эммануэля мен 24 Саддама есімді нәресте дүниеге келген. Өтіп бара жатқан 2019 жылдың ең танымал есімдер қатарына Раяна, Медина, Айзере, сондай-ақ Алихан, Айсұлтан, Нұрисламдар жатады. Қысқа да нұсқа есімдер де бар, ол Нұр деген қыздар мен Хан деген ұлдар. Естір құлаққа әдемі болсын деп, баласына түрікше ат қоятындар бар. Мысалға, Демиян, Асмир, Демир, Руфина
  5. Жаңа жыл қарсаңындағы нәзік жандылар қауымының қарбаласы басталды. Дүкендерде сан түрлі талғамға сай көйлектер сатылуда. Ең бастысы ала-құла боп астамшылдық жасамасаңыз болғаны. Себебі табалдырығымыздан аттағалы тұрған жыл иесі мұндайды ұнатпайды. Тышқан ұстамды кербездікті қалайды. Астрологтардың пікірінше жаңа жыл иесі жердің, шөптің, жидек пен шырынды жемістердің реңктерін сөзсіз мақұлдайды. Алайда тышқан ұстамдылықты ұнататынын естен шығармаңыз. Киім таңдағанда матасына мән беріңіз. Қолайлысы табиғи жібек, барқыт, атлас және шифон. Сәнгер мамандардың да пікірі осындай. Киім таңдарда оны қайда киіп баратыныңызды естен шығармау керектігі айтылды. Сәнді бейнеңізді күміспен, ақ алтын және платина  әшекейлерімен толықтыруға болады. Жапсырмалы жылтырақ заттарды шектеу керек. Ірі геометриялық пішіндегі сырғалар мен көлемді шынжыр тізбектер акссесуарлар көшін бастап тұр. Пайеткамен көмкерілген былғары шағын қолсөмкені де ұмытпау қажет. Жаңа жылдық киіміңізге биік өкшелі аяқ киім дұрыс. Тік өкшелі туфли кимесеңіз де жеткілікті түрде еңсеңізді көтеріп тұрғаны дұрыс. Туфлидегі ең оңтайлы түс қара, кез келген көйлекпен үйлеседі. Ал ақ немесе сұр киім кисеңіз ақшыл сары аяқ киім киген дұрыс. 2020 жылы металл түстес реңктер трендтте болмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login